Перейти к содержимому страницы.

«Экстремизм –қазіргі заман мәселесі»

22.02.2018

ПМПУ педагогика және спорт факультетінде экстремизм мен террозмнің алдын алу мақсатында заманауи діни экстремизм мен терроризмге қарсы әрекет семинары өтті.

Семинардың жұмысына Павлодар облысының дін істері басқармасы конфессияаралық қарым-қатынастарды талдау және дамыту орталығының ақпараттық-түсіндірме жұмысы бойынша бөлім бастығы З. О. Асанбаева және орталық теологы А. К. Клышев қатысты.

Қазіргі қоғамда экстремизмнен асқан қауіп жоқ. Экстремизмге қарсы әрекет жұмысы әр елде іске асырылуда. Жер бетінде осы мәселенің кесірі тимеген ел жоқ. Демократияға, дін таңдауға орын жоқ теократтық мемлекеттік құрылымын насихаттайтын ұйымдар республиканың ұлттық қауіпсіздігіне, қазақ қоғамының ұлтаралық және саяси шиеленістерді тудыруға үлкен қауіп тигізіп тұр. 1-2 курс студенттері негізгі діни ағымдармен және діни экстремизмді болдырмау шараларымен танысты.

">