Перейти к содержимому страницы.

«KGU CUP XII» халықаралық дебаттық турнирде ПМПУ студенттері Ақәділ Есенқұл және Айсұлтан Жүнісов екінші орынды иеленді

07.02.2018

26-28 қаңтарда Павлодар мемлекеттік педагогикалық университеті «Ақиқат» клубы А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік педагогикалық университетінде өткен «KGU CUP XII» халықаралық дебат турниріне қатысты.

Турнирге республика бойынша 50 команда қатысты. Турнир қорытындысы бойынша, жүлделі екінші орынды ПМПУ-дың намысын қорғаған Ақәділ Есенқұлов пен Айсұлтан Жүнісов («Дебатизм» командасы) иеленді. Турнирдің жоғары деңгейде өткенін ескерсек, студенттердің жеңісі сүбелі екенін атап кеткеніміз жөн.

Алдағы уақытта басқа да турнирге қатысу үшін студенттер дайындықтарын жалғастыруда.

">