Перейти к содержимому страницы.

Алғыс айту күні!

06.03.2018

Қазақстанда 2016 жылдан бастап Алғыс айту күні пайда болды. Бұл мейрам Қазақстан республикасының Президенті Н. Назарбаевтың бұйрығымен бекітіліп және 1 наурыз күні тойланатын болды. «Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану» мамандығының барлық курс студенттері Облыстық кәмелетке толмаған бейімдеу орталық балаларына мерекелік іс-шара өткізді. Бұл күн орталық балалары үшін махаббат, достық, қуаныш және түрлі тосын сыйларға толы болды. «Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану» мамандығының барлық студенттеріне осы іс-шараны өткізген үшін алғыс білдіреміз! Облыстық кәмелетке толмаған орталық тәрбиешілерімен кездесулер жиі болады дегенге сенеміз. Іс-шараны ұйымдастырушы педагогика кафедрасының аға оқытушысы Г. И. Жұмажанова.

">