Перейти к содержимому страницы.

Шағын Отан бойынша үлкен саяхат

22.05.2017

«Туған жер» бағдарламасын іске асыру аясында ПМПИ 2017 жылдың 19 мамырында «Өлкетану» экспедициясын ұйымдастырды. Экспедицияға болашақта өз өмірлерін Павлодар аймағымен байланыстыратын «Серпін-2050» бағдарламасы бойынша білім алып жүрген оқу орынның үздік студенттері қатысты.

Экспедиция басынан бастап соңына дейін таң қалдырды. Павлодар мен Ақсу қалаларын біріктірген Ертіс өзені көпірі арқылы өту назарға ілікті. Орта Азиядағы ең ұзын – аймақтағы ауқымды инфрақұрылымды нысан мақтаныш сезімін туғызады. Оның жалпы ұзындығы 12,5 км. Көпір туристерді Ақсу ферроқорытпа зауыты және «ЕЭК» АҚ электр станцияларымен танымал өнеркәсіптік және ауылшарушылық Ақсу қаласына әкеп тіреді. Жолбағытқа сай жерлесіміз, Қазақ КСР ҒА академигі, Қазақ КСР Ғылымдар Академиясынң тұңғыш президенті Қаныш Сәтпаевтың атмен аталған, Орталық Қазақстанның өнеркәсіптік және ауылшаруашылық аймақтарын сумен қамтамасыз ететін арықта тоқтамау мүмкін емес еді.

Әрі қарай бізді Екібастұз қаласы күтір тұрды. Орталық көшемен жүре отырып, біз 60 жылдық мерейтойға дайындық ахуалын сезіндік. 60 жыл бұрын, яғни 1957 жылы Екібастұз қала мәртебесін алды. Әлемдегі ірі мекемелердің бірі, көмірді ашық өндіру тәсілімен өндіретін «Богатырь-Көмір» сөзбен жеткізе алмайтын әсерді қалдырды. Мекеме басшылығы бізге шынайы көңілмен гид ұсынды, олар бізге қарау алаңы және мұражай бойынша таныстыру жұмыстарын өткізді. Қарау мұнарасына «Богатырь» разрезінің панорамасы көздің жауын алады. Ашық аспан астындағы «Богатырь Көмір» мұражайында разрезде жұмыс істейтіе алып техниканы көрсетті.

Жол жүру бойынша қала үлгісіндегі Майқайын ауылынан өттік. Ауыл 1932 жылы барлау және алтын мен полиметалл кен орындарын пайдалану кезінде қалыптасқан. Жылына 300 мың тонна кен өндірілетін, тау-кен байыту комбинатын шикізатпен қамтамасыз ететін тереңдігі 280 метрге жететін бұлақ бар.

Экспедицияның шарықтауы – Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғат паркі бойынша саяхат болды. Ұлттық парктен бастап бүкіл саяхат бойы жолбағыттаушы бізге серік болды. Баянауыл ұлттық паркінің ұзындығы бойынша екінші көлі, тау жоталарының алқабы арасында орналасқан мөлдір көл Жасыбай көліне бардық.

Көл 1752 жылы жоңғар басқыншыларымен шайқаста көлдер арасындағы асуда қайтыс болған Жасыбай батырдың құрметіне аталған. Баянауылда туристердің ерекше қызығушылығын сан ғасырлық жел мен су өңдеуінен өткен, жануар, адам немесе таудан түсіп келе жатқан машина қалыбындағы мүсінге ие жеке жартастар мен тастар тудырады. Тас мүсіндері арасындағы жалмауыз кемпір ретінде танымал «Кемпіртас» мүсініне бардық. Одан әрі гид бізді 2,5 мың жылдан аса уақыт болған «Сақ қорғаны» археологиялық ескерткішінің құпияларын ашты.

Саяхатымыздың келесі бағыты қазақтың демократ-ақыны Сұлтанмахмұт Торайғыров мұражайына бардық. Мұражайды ақынның 100 жылдығына арнап ашты. Әрі қарай жол жүре отырып біз Торайғыр көлінің алқын әрі мөлдір таза сумен сусындауға келдік. Одан кейін ұзындығы бойынша үшінші көл Торайғыр көліне саяхаттап бардық.

Ауа-райы тамаша, көңіл-күй керемет болды. «Адам – рационалды ғана емес, сонымен қоса эмоционалды тұлға. Шағын отан – сен туып-өскен жер, кейде бүкіл өміріңді өткізген жер» деп Н.Ә.Назарбаевтың айтқан сөзін есімізге түсіріп, отанымыз үшін қуаныш пен мақтаныш сезімдеріміз басым болды.

Халық есінде қалған таулар, өзендер, қалыптасу туралы мифтер, адам аттары онда бар.

ПМПИ ректоры Алтынбек Нұхұлына Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің директоры С.Ахметжанова атынан және «Богатырь-Көмір» ЖШС генералды директоры С.Раипова атынан алғысымызды білідіреміз.

 «Серпін-2050» бағдарламасымен білім алып жүрген ПМПИ студенттері

">