Перейти к содержимому страницы.

Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтындағы Білім күні

01.09.2016

2016 жылғы 1 қыркүйегінде Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтында Білім күніне арналған салтанатты шара өтті. Жаңа оқу жылы  студенттер үшін, әсіресе бірінші курс студенттері үшін ерекше күн. Алғашқы оқу жылын олар жоғарғы оқу ордасының бас оқу корпусы алаңындағы Мұса Шорманов пен Әбікей Сәтбаев сынды халық ағартушыларының ескерткіші тұрған жерде қарсы алды.

Мерекелік жиынға педагогика ардагерлері, жоо-ның қызметкерлері, бірінші кус студенттерінің ата-аналары қатысты.  Биылғы жылы көптеген талапкерлер өз таңдауларында ПМПИ-ді таңдады. Бұл көпжылғы сенімділік пен оқу ордасының Қазақстанның ең үздік жоғарғы оқу орындарының қатарында екендігін және педагогикалық оқу орындарының арасындағы үздік ондыққа енген білім ошағы ретінде тағы бір мәрте дәлелдей түсті.

Биылғы жылы ПМПИ студенттерінің қатарын бір жарым мың бірінші курс студенттерімен толықты. Білім алуға келгендердің ішінде «Алтын белгі» иегерлері, оқу озаттары,  жалпы білім беру пәнінің халықаралық және республикалық олимпиадаларының жеңімпаздары, спорттық жарыстардың жүлдегерлері бар. Жоғары оқу орнының грантына Павлодар, Оңтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Маңғыстау, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан облыстары мен Астанадан 401 студент ие болса, 121-і «Мәңгілік ел жастары - индустрияға!» жобасы аясында оқитын болады.

Салтанатты жиналыста студенттер алдында ПМПИ ректорының міндетін атқарушы, химия ғылымдарының докторы, профессор Алтынбек Нухулы сөз сөйледі. Бірінші курс студенттерін Білім күнімен құттықтап, Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев екі мәрте болып,  жоғарғы баға берген оқу орнында тек «беске» оқуға тілектестік білдірді. Мереке қонағы, Павлодар педагогикалық институтының физика-математика факультетінің қырық жыл бұрын тәмамдаған түлегі, Білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымының облыстық өкілі Гүлбарам Науразбаева институт табалдырығын алғаш аттап отырған студенттерге ақжол тіледі. Бірінші курс студенттеріне ақжарма тілекті биология ғылымдарының докторы, профессор Қайырбай Оразамбекұлы Базарбеков білдіріп, жалынды жастарды ұшқыр білім алуға шақырды.

Бүгінгі бірінші курс студенттері жоғарғы курс студенттерінен эстафетаны алып, білім алуға қадам басты. Білім күні жоғарғы курс студенттері ПМПИ Туын оларға табыстады және алғашқы қоңырау сыңғырлап. аспанға түрлі шарлар ұшты, институт ардагерлеріне гүлдер табысталды.  Салтанатты шараның соңында еңбек ардагерлері мен институттың байырғы қызметкерлеріне, зейнеткерліктегі ұстаздарға ерекше құрмет көрсетілді.

ПМПИ ректорының міндетін атқарушы Алтынбек Нухулы  ардагерлермен кездесіп, ПМПИ-дің стратегиялық даму таныстырылымын көрсетті. Таныстырылымда оқу-әдістемелік және ғылыми бағыты көрсетілген, сонымен қатар, мұнда бас оқу корпусының ішкі өзгерісі де айтылған. Ардагерлер өз тараптарынан бұған өз қызығушылықтарын білдірді. Ардагерлер оқу ордасының 55 жылдық мерейтойға дайындықты, ПМПИ мен Павлодар облысы ардагерлері туралы кітап шығаруды сөз етті.  Ардагерлер кеңесінің төрайымы Мадина Шәріпқызы Ибраеваға Павлодар – Ертіс өңірі бейнеленген фотоальбомды сыйға тартты. Ал барлық ардагерлерге «Казахстанская правда» газетінің 1 қыркүйектегі санын табыс етті. Бұл газетте Алтынбек Нухулының «Вуз смотрит в будущее» мақаласы жарияланған болатын. Мереке күні ерекше назар аударылып, ардагерлер мәз болысты.  Мемлекет басшысы Қазақстанды әлемдік білім деңгейіне көтеруді мақсат еткен болатын.  Осы негізде Қазақстан Республикасы Білім және ғылымды дамытудың мемлекеттік бағдарламасы 2016-2019 жылдарға бекітіліп, онда «100 нақты қадам» Ұлт жоспары негізінде өрбуі тиіс екендігі айтылған. Мақсаты – білім мен ғылымды біліктілікке сай арттыру, экономиканың өсуі үшін адами капиталды дамыту болып табылады.

Педагог – білім жүйесінің басты кілті. Одан мектепте, кәсіби-техникалық білім беру мен ЖОО-ларда жастарды даярлау сапасының төрттен үш бөлігі байланысты болады. Бастысы ақыл-ойдың толыққандылығы, әркімнің өмірге белсенді атсалысуы қаралады. 

Құрметті студенттер, сіздерге Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтында білім алуға жан-жақты жағдай жасалған. Жоғарғы оқу орнын аяқтағаннан кейін білімді оңтайландыруды, үш тұғырлы тілді жетік меңгерген, зерттеуге екпінді қадам жасай алатын білікті маман болып шығасыздар.

Білім күні құтты болсын!

">