Перейти к содержимому страницы.

Е. Бекмаханов атындағы ғылыми кітапханада мектеп кітапханаларының кітапханашыларына арналған әдістемелік күн өтті

22.02.2018

Әдістемелік күннің мақсаты: біліктілікті арттыру, тәжірибемен алмасу және кәсіби достық қарым-қатынас.

Іс-шараны Е. Бекмаханов атындағы ҒК директоры Р. Игібаева ашты. Әдістемелік семинардың күн тәртібінде әрбір шақырылған кітапхана бүгінгі таңда өзекті және өздері ұстанатын жұмыстың бағытын көрсетіп, осы бағыт бойынша тәжірибемен бөлісулері керек еді.

Алматы қаласында Нархоз университеті базасында өткен «Жоғары білім беруді жаңғырту контекстінде жоғары оқу орындары кітапханалары трансформациялау – Трансформация вузовских библиотек в контексте модернизации высшего образования» ІІ халықаралық конференция туралы есеп берілді. Әдістемелік күннің соңында 28 мектеп кітапханашысы қатысқан сауалнама жүргізілді.

">