Перейти к содержимому страницы.

Баянауылға экспедиция

02.06.2017

2017 жылғы мамыр айында «Тарих» және «Тарих-Дінтану» мамандығының 1-2 курс студенттері «Margulan сentra» орталығының ғылыми қызметкерлерімен бірге жаңа туристік бағытқа енген Баянауыл өлкесінің тарихи жерлеріне барды.

Экспедиция қатысушылары қазақ халқының танымал тұлғаларының өмірімен байланысты жерлерді көру мүмкіндігіне ие болды: бірінші қазақ кинорежиссері, Қазақстан киноиндустриячының негізін салушы Шәкен Аймановтың туған жері, ақын Сұлтанмахмұт Торайғыровтың кесенесі. Сондай-ақ 1733 жылы Сабындыкөл өзенінің жағасында Абылайханды ақ киізге көтеріп хан сайлаған жеріне де барды.

Туристік бағыттағы археологиялық ескерткіштердің арасында «Баянауыл стоунхеджі» деп аталатын «Мұртты қорған» бар.

Археологиялық-этнологиялық және палеонтологиялық зерттеулер ҒПО-ның директоры Тимур Смағұловтың айтуы бойынша бұл бірегей ескерткішке екі жарым мың жылдан астам уақыт және ол ерте темір дәуіріне жатады, діни және астрономикалық нысан болып табылады.

">