Перейти к содержимому страницы.

Филология: қазақ филологиясы

Павлодар мемлекеттік педагогикалық университеті

Мамандық: 5В020500 – «Филология: қазақ филологиясы»

Академиялық дәрежесі: Филология мамандығы бойынша гуманитарлық ғылымдар бакалавры

Білім беру траекториясы: -

Біліктілігі: филолог.

Оқу мерзімі:

4 жыл – жалпы орта білім беру базасы негізінде (мектеп, лицей)

3 жыл – орта кәсіби білім беру базасы негізінде(колледж)

2 жыл – жоғары білім беру базасы негізінде (ЖОО)

Оқу түсу үшін қажет құжаттар:

жалпы орта білім беру базасы негізінде– 50 балдан жоғары ҰБТ/КТ сертификаты;

орта кәсіби білім беру базасы негізінде (колледж) –мамандық бағытына сай 50 балдан жоғары КТ сертификаты;

жоғары білім беру базасы негізінде – жоғары білім беру дипломы.

Негізгі оқу пәндері: ҚҚТ фонетикасы, ҚҚТ лексикологиясы мен фразеологиясы, ҚҚТ сөзжасамы, ҚҚТ морфологиясы, ҚҚТ синтаксисі, Қазақ халық ауыз әдебиеті, Ежелгі дәуірден хандық кезеңге дейінгі қазақ әдебиетінің тарихы, ХІХ ғасырдағы қазақ әдебиетінің тарихы, ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиеті, Қазіргі қазақ әдебиеті, т.б.

Практика: Оқу (тілтанымдық) практикасы, оқу (фольклорлық, диалектологиялық) практикасы, өндірістік (педагогикалық) практика

Қорытынды мемлекеттік аттестаттау: мамандық бойынша емтихан, диплом жұмысы

Болашақ перспективасы: Мамандықты бітірген түлектер жалпы білім беретін мектептерде, лицей, колледж, гимназияларда қазақ филологиясы бойынша маман ретінде, ғылыми-зерттеу мекемелері, газет, журналдардың редакциялары, радио мен теледидар және баспа орындарында қызмет атқара алады, сондай-ақ олар аталған мамандық бойынша магистратураға түсу мүмкіндігіне ие бола алады.