Ата-аналар академиясы
Құрметті педагогтар мен ата-аналар!
Баланы өсіру – бұл еңбек, ғылым және өнер. Осыған үйрену керек. Соңғы кезде газет, журнал беттерінде, интернет желісінде әр түрлі ата-аналар университеттері мен ата-аналар мәдениеті университеттері туралы ақпараттар жиі кездеседі. Бұл ақпараттардың көп болғаны жинақталған тәжірибелік материалдарды зерттеп және жалпылау қажеттілігін тудырып отыр.
Қазақстан республикасының заңы ата-аналарды алғашқы педагогтар деп атап, оларды баланың дене, адамгершілік және интеллектуалдық тұлғалық дамудын негіздерін салуға міндеттейді. Ата-аналар университеттері білім беру және мәдениет мекемелері базасында жинақталып, жеке немесе толық өзін-өзі ақтау негізінде жұмыс істейді. Айына бір рет өткізілетін жиналыстарда балалар мен жасөспірімдерді оқыту және тәрбиелеу, оқыту мен тәрбиелеу барысындағы проблемаларды шешуге көмек беретін отбасылық құқық, психология, әлеуметтану, медицина және т.с.с.ғылымдар салалары бойынша ата-аналар алдында білікті және дәрежелі мамандар сөз сөйлейді.
Ата-аналар академиясының әр мәжілісін 30 минуттан тұратын үш бөлімнен құрастыруға болады. Ең алдымен өзекті мәселе бойынша маман дәріс оқиды (әңгіме жүргізеді). Содан кейін тақырып бойынша тындаушыларға таратылым материал беріледі. Бұл өздерінде қалатын материалдарды кейін отбасыда оқуға, өз туыстарын таныстыруға және балалардың өздеріне оқытуға қолдануға болады. Сабақтын үшінші бөлімінде ата-аналарда маманға өз сұрақтарын қоюға, оларды талқылауға және басқа ата-аналармен өмірлік жағдайларды талқылауға мүмкіндіктері болады. Осындай семинарлық сабақтарға белсенді қатысқаны нәтижесінде қатысушылар «сынақ» алады. Жылдық курс негізгі тақырыптарды қарастырылған және талқыланған болуды талап етеді. Ол қызықты, мазмұнды және ата-аналар үшін тәжірибе негізінде пайдалы болу керек.
«Оқу жылдың» аяғында ата-аналар бұрыңғы бітірушілер, жергілікті білім беру мекемелер мен жергілікті өзін-өзі басқару органдардың өкілдерінің қатысуымен «Үлгілі әке (ана)», «Үлгілі отбасы» атты құрмет грамоталарымен марапатталады. Егер жоғары айтылғанды ұйымдастырушы тілімен жалпыласа осындай кесте шығады.
Контингент: өз балаларын оқыту және тәрбиелеу ісінде жаңа білімдер, икемдер мен дағдыларды алуға дайын, қалыптасқан және болашақ әр жастағы ата-аналар.
Мақсат пен міндеттер: өз балаларын оқыту және тәрбиелеу ісінде ата-аналарға көмек беру, ата-аналар еңбегінің тиімділігін жоғарлату, жалпықазақстандық азаматтық қоғамды қалыптастыру.
Жұмыс базасы: білім беру мен мәдениет мекемелері, қоғамдық ұйымдар.
Мазмұнды тандаудын негізгі жолдардың дәйектемесі: ата-аналардың білім деңгейі мен азаматық белсенділігін ескере отыра балалар мен жастарды оқыту мен тәрбиелеу бойынша өзекті локальды проблемалары.
Дидактика: әр жеке жағдай бойынша үздік ата-аналар университеттерінде (академияларында) өткізілетін сабақтардың озық тәжірибесін жинақтау, жалпылау және шығармашылық жолын табу.
Ата-аналарға арналған №2 сауалнама - «Баланы еңбекке және мамандықты тандауға дайындық барысында менің рөлім»
«Біздің ата-аналарымыздың мамандықтары» сынып сағаты
Ата-аналарға арналған №5 сауалнама
«Қиын» балалармен кәсіби бағдарлау бойынша жұмыс
Оқушыларға арналған пайдалы ақпарат
Альберт Лиханов – Драмалық педагогика
Психолог кеңестері – Теледидар мен біздің балалар
< Алдыңғысы |
---|