Get Adobe Flash player

blog

yarmarka

Басты меню

Сертификаты

Система Orphus

ПМПИ - дің түлектер қауымдастығы

 

Құрметті Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтының түлектері!

Біздің институт өзінің жартығасырлық тарихында  отандық ғылым, білім беру  мен өнер дамуына зор үлес қосып жүрген 30 мыңнан астам маман даярлап шығарды. 2012 жылы Павлодар мемлекеттік педагогикалық институты өзінің 50 жылдығын атап өтпек. Осы уақыт ішінде институт даярлап шығарған мыңдаған маман - бүгінгі белгілі ғалымдар, қоғам қайраткерлері, білім беру ұйымдарының басшылары, атақты ұстаздар, спорт майталмандары, бизнесмендер.

2010 жылы ПМПИ «Университеттер Ұлы Хартиясы» (Magna Charta Universitatum) халықаралық ұйымына кіріп, «Еуропалық сапа» халықаралық марапатына ие болды. Осы бастамасымен жоғары оқу орнымыз Болон үдерісінің қағидаттарын қолдануға дайындығын байқатты. Биыл Павлодар мемлекеттік педагогикалық институты Қазақстанның негізгі ретингісінде педагогикалық жоғары оқу орындарының арасында екінші орынға ие болды.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев бекіткен Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы еліміздегі білім беруді ойдағыдай жүзеге асырудың маңызды құралы болып табылады. Мемлекет басшысы Қазақстанды әлемдік деңгейдегі білім орталығына айналдыру жөнінде биік мақсат қойды. Бұл – маңызды мәселе әрі ең алдымен мұғалімдерге қатысты болмақ. Педагог – білім берудегі басты тұлға. Шәкірттеріне өмірдің қыр-сырын танытып, сан қилы құбылыстарды терең түсінуге баулыған дарынды мұғалімдердің еңбегі өлшеусіз. Осы алапат күштің басты тірегі – Мұғалім. Бүгін ұстаздың кәсібі мен мәртебесін көтеру – басты міндет. Бұл жұмыс үш бағытта жүзеге асырылуда: мұғалімдерге лайықты еңбекақы төлеу, педагогтердің біліктілігін арттыру, педагогтердің олардың қоғамдағы беделін көтеру.

Қазақтан Тәуелсіздігінің 20 жылы оңай болған жоқ. Бірақ азғана уақыт ішінде әлемдік қауымдастық «Қазақстан Республикасы» деген асқақ рухты елді мойындады. Осы жылдар ішінде елімізде қыруар істер атқарылды. Ел экономикасы да жылдан-жылға нығайып, мәдени, рухани даму деңгейі жаңа белеске көтерілді. Өзіне тән барлық институттары бар, әлемдік қауымдастықтың ықпалды мүшесі болып табылатын тәуелсіз мемлекет құрылды. Еліміз әлемнің алдыңғы қатарлы елдерімен иық теңестіретін, тіпті, кей тұстарда олардан озық тұратын дәрежеге жетті.

Қазіргі таңда ПМПИ-дің басты міндеті – әлемдік білім беру жүйесіне ықпалдасу, инновациялық технологиялар мен әдістерді дамыту.    

ПМПИ түлектері қауымдастығы институтымыздың дамуына зор ықпал етеді деп үміттенеміз. ПМПИ -дің әрбір түлегі өмір бойы Ұстаз атағын жоғары көтеріп, өзінің жоғары оқу орнының абыройын  арттырады деген сенімдіміз.

Н.Р.Аршабеков,

ПМПИ ректоры, философия ғылымдарының ректоры


 

Қауымдастық туралы

Қауымдастық ережесі

Қауымдастық құрамына кіру тәртібі

Байланыс