Get Adobe Flash player

blog

kzyarmarka

Сертификаты

Система Orphus

Ынтымақтастықтың жана деңгейі

Павлодар мемлекеттік педагогикалық институты мен облыстық білім беру басқармасы арасында аймақтағы білім беру саласын дамытуға мол мүмкіндік ашатын ынтымақтастық келесімшарт жасады.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев бекіткен Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы Отанымызда білімді ойдағыдай жүзеге асырудың маңызды құралы болып табылады. Мемлекет білім беру жүйесіне ерекше көңіл аударуда. Павлодар мемлекеттік педагогикалық институты облыстық білім беру жүйесімен жаңа деңгейдегі білім беру, дайындау және педагог кадрларын әлеуметтік серіктестік бастамалы отыр.

Осыған орай 13 қазанда, Павлодар мемлекеттік педагогикалық институты ның ректоры Нұрғали Аршабеков пен облыстық білім беру басқармасының бастығы Бақыт Бексейітова 2011- 2014 жылдарға арналған мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі өзара ынтымақтастық келсімшартқа қол қойды.

Келісімшарт негізінде білім беру сапасын бұдан да жақсарту, педагог мамандығының мәртебесін арттыру, білім беру жүйесін педагог кадрлармен толықтай қамту; облыстық ғылыми-педагогикалық кітапхана құру және басқа да жұмыстар жоспарланған.

Бұл мәселелер шешімін тапса, еліміздің зияткерлік және шығармашылық кадрлық әлеуетін қалыптастыруға, білім берудің инновациялық жүйесін әрі қарай дамытуға, ғылыми-зерттеу және әдістемелік жұмыс алаңын заманауи орталыққа айналдыруға болар еді.