Первокурсники ПГПИ дали клятву студента
2011 жылдың 17 қазаны күні қаламыздың Естай атындағы Мәдениет сарайында ПМПИ-дің бірінші курс студенттері салтанатты түрде студенттер қатарына қабылданды.
Биыл алғаш рет «студент антын» беретін мыңнан астам жігіттер мен қыздар Павлодар мемелекеттік педагогикалық институтының босағасын аттады. Олардың ішінде 537-сі - мемлекеттік білім грантының иегерлері, 36-сы – әкім грантының иегерлері. Олар үшін жаңа мүмкіндіктер ашылып, оларды студенттік өмірдің жарқын да шуақты, ұмытылмас күндері күтуде.
Бұл студенттерді жоғарғы оқу орнының ректор, Нұрғали Аршабеков құттықтады. Ол:
- Бүгін, сіздер үшін атаулы күн, өйткені Қазақстан Тәуелсіздігінің 20 жылдығында студент қатарына қосылып, жаңа бастамалардың куәгерлері боласыңдар. Бүгіннен бастап сіздер ең мәртебелі саналатын мұғалім мамандығына оқисыңдар. Сіздерге еліміздің болашағы және бәсекеге қабілетті ұрпақ өкілдері болады деп үміт артамын. Студент атануларыңыз құтты болсын, - деді.
Кештің ең салтанатты сәті, үлкен жолдың табалдырығын аттаған жастарға студенттік билет табыс етілді. Студенттік билеттерді факультет декандары тапсырды.
Салтанатты іс-шарада жоғары оқу орнының көркем өнерпаз ұжымдары, көңілділер мен тапқырлар құрама командасы, ұлттық аспаптар оркестрі және тағы да басқа үйірме өнерпаздары өнерлерін көрсетті.
< Алдыңғысы | Келесі > |
---|