Get Adobe Flash player

blog

kzyarmarka

Басты меню

Сертификаты

Система Orphus

ҚР Президентінің "Болашақ" халықаралық стипендиясы

 

    1993 жылы Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 1993 жылғы 5 қарашадағы № 1394 Жарлығымен «Болашақ» халықаралық стипендиясы құрылған болатын. Талантты жастарға толықтай мемлекет есебінен шетелде білім алу мүмкіндігі берілді.
    «Болашақ» халықаралық стипендиясы табысты мансаптық өсудің және оның түлектерінің кәсіби тұрғыда пайдасын тигізуінің өзіндік кепілі болды. Бағдарламаның көптеген түлектерінің мемлекеттік қызметте, мемлекеттік және халықаралық ұйымдарда, акционерлік құрылымдарда жауапты орындарда болу, әртүрлі мемлекеттік және халықаралық жобаларда жұмыс істеп, осылайша мемлекеттің дамуына өз үлестерін қосу фактілері осының айғағы.   Халықаралық «Болашақ» стипендиясы жоғары арнаулы, әрбір дәрежені (бакалавр, медициналық мамандықтар бойынша ғылым кандидаты, доктор) алу үшін, клиникалық ординатурада оқу және ғылыми тағылымдама бойынша бір рет тағайындалады.
Мамандықтар:
Мамандықтар тізімі және оқу елдері жыл сайын өзгеріледі.
Талаптар:
- жалпы орта, техникалық, кәсіптік, жоғары білім және бакалавр дәрежесі;
- аттестаттың, бакалавр немесе маман дипломының орташа балы 4,5 балға  (5,0 ішінен) сәйкес болу керек;
- мемлекеттік және шет тілін білу.
Құжаттар:
- негіздеме-өтініш;
- жұмыс органы белгілейтін нысан бойынша толтырылған сауалнама;
-жеке куәліктің және/немесе паспорттың нотариалды куәландырылған көшірмесі;
- қосымшаларымен бірге жалпы орта, техникалық және кәсіптік немесе орта орнынан кейінгі білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттың нотариалды куәландырылған көшірмелері;
- шетелге бара жатқан адамдар үшін денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган белгіленген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы мадициналық анықтама.
- Қазақстан Республикасының салық төлеушісі куәлігінің көшірмесі.
Қатысушылардың өтінімдері жыл сайын екі рет қабылданады. Қаңтар-ақпан айларында квота бойынша (аулды елді мекендердердің үміткерлері, мемлекеттік қызметкерлері, ғылыми немесе педагог қызметкерлері). Маусым-шілде айларында басқа үміткерлердің құжаттары қабылданады. Құжаттардың қабылдау мерзімі жұмыс органының ұсынуы бойынша Республикалық комиссия бекітеді.
Стипендия барлық шығындарды өтейді.

Толық ақпаратты www.edu-cip.kz сайтынан алуға болады.

 

2011 жылдың екінші жартысында ПМПИ-де 11 адам Болашақ бағдарламасына қатысу үшін тапсырыс берді:

1.Дүкенбаева З.О — Қазақстан және шетелдер тарихы кафедрасының профессоры;
2.Исаева Ж.К.  - мемлекеттік тіл және тілдердің практикалық курсы кафедрасының аға оқытушысы;
3.Жанзақова Г.З. - мемлекеттік тіл және тілдердің практикалық курсы кафедрасының аға оқытушысы;
4.Бейсенбаев А.К. - экономика, құқық және философия кафедрасының аға оқытушысы
5.Ахметов А.С. - экономика, құқық және философия кафедрасының аға оқытушысы
6.Каюпова М.К. - халықаралық ынтымақтастық бөлімінің маманы
7.Сүлейменова А.Б. - ХШ-42 тобының студенті;
8.Рахимов А. - ПиП-42 тобының студенті;
9.Үсенбаева А.А. - Инф-41 тобының студенті;
10.Молдағалиева Ш.К. - Инф-41 тобының студенті;
11. Нұрмағамбетова Ж.С. - ТМ-51 тобының студенті.