Get Adobe Flash player

blog

kzyarmarka

Сертификаты

Система Orphus

ПМПИ-де «Нұр Отан» ХДП бастамасымен «Халықтың дауысы» акциясы өтті.

 

2011 жылғы 26 қазан күні институтта «Нұр Отан» ХДП бастамасымен халықтың ұсыныстары мен өтініш-тілектерін жинау жөнінде «Халықтың дауысы» - «Голос народа» акциясы өтті.

Акцияға ПМПИ студенттері, жастар ұйымдарының өкілдері, «Жас отан» жастар қанатының мүшелері қатысты.

Акцияның еліміздің 20 жылдық мерейтойы қарсаңында өткізілуінің өзіндік мәні бар – дейді ұйымдастырушылар. Мәселен Қазақстан дамудың жаңа кезеңіне аяқ басқан тұста, басқарушы саяси партия да жаңа басымдықтарды бағындыруы тиіс. Ал ол ең алдымен, халық мүддесімен байланысты.

- «Нұр Отан» партиясы бүкіл еліміз бойынша «Халық дауысы» жалпыұлттық акциясын бастады. Осы акция арқылы жиналған тілектер мен ұсыныстар Елбасымыз, стратегиялық міндеттерін тиімді жүзеге асыруға және партиямыздың жұмысын одан әрі жетілдіруге өз үлесін қосады, - дейді «Жас отан» өкілдері .

Акция арқылы тілегін жеткізгісі келгендерден студент Дархан Заиров да тыс қалмады. Қолына қалам алып, саяси ұйымға ұсыныс жазған ол - жастарды шараға атсалысуға шақырды. «Мен де Президентіміздің және ол басшылық ететін «Нұр Отан» партиясының бастамаларын қолдаймын, сол арқылы елімізді көркейтуге өз үлесімді қосамын»,-дейді.

ПМПИ-де 6 мыңнан студент студент білім алуда. Қазір белсенді студенттер мемлекеттің жастар саясаты жөніндегі бағдарламаларын түсіндіріп, ұсыныс-пікір жинауды қолға алды. Жастарды, әсіресе, екі мәселе толғандырады. Оның бірі – оқу бітірген соң жұмысқа орналасу болса, екіншісі – баспана бабы. Сонымен қатар, ұрпақ тәрбиесі, ұлт денсаулығы, еліміздің ішкі және сыртқы саясаты да студенттер назарынан тыс қалмады.

«Халық дауысын» жинау республика бойынша партияның барлық филиалдарында және бірқатар арнайы орындарда жүргізіледі. Сондай-ақ хатыңызды Бұл e-mail спам-боттардан қорғалған, оны қарау үшін Сізде Javascript қосулы болуы керек электрондық мекен-жайына да жолдап, үйде отырып-ақ ұсыныс білдіруіңізге болады.