Get Adobe Flash player

blog

kzyarmarka

Сертификаты

Система Orphus

«Руханият» айлығы

Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтында тәрбие жұмысы жоспарын асыру  аясында Қазақстан тәуелсіздігінің 20-жылдығына орайластырған «Руханият» айлығы өтуде.

Ұйымдастырушылар айтуынша, бұл іс-шара Қазақстан халқы тәуелсіз жылдарындағы бiлiм мен мәдениет саласында рухани өсуiн, этносаралық келiсiм мен толеранттылықты сақтауға қосқан үлесiнiң, қол жеткізген жетістіктерін көрсетеді.

«Руханият» айлығы барысында мамандар қазақтардың мәдениеті және дәстүрі, исламның негізгі қағидалары, діни іс-әрекеті мен діни бірлестіктер түралы дәріс оқыды. Шараларға діни, этно-мәдени бірлестіктердің өкілдері қатысуда. Институтта діни және әртүрлі қоғам өкілдерімен кездесулер өткізіліп, оған студенттер қауымы көптеп шақырылады. «Халық келісімі – Қазақстанның тұрақты дамуының негізі» атты тақырыпта діни бірлестік басшыларымен дөңгелек үстел өтті.

«Руханият» айлығы 10 қарашада этно-мәдени бірлестіктер концертімен аяқталады.