Get Adobe Flash player

blog

kzyarmarka

Подразделения ПГПИ

Сертификаттар

Система Orphus

«ІІІ Шаяхметов оқулары» Республикалық ғылыми-практикалық конференция

ҚАТЫСУҒА  ШАҚЫРАМЫЗ

Ғалым, педагог, аймақта жоғары білім беруді ұйымдастырушы,

қоғам қайраткері Тасболат Қасенұлы Шаяхметовқа арналған 

«ІІІ ШАЯХМЕТОВ ОҚУЛАРЫ»

Республикалық ғылыми-практикалық конференция

Павлодар

Павлодар мемлекеттік  педагогикалық институты

Конференцияның өтетін уақыты: 2011 ж. 11 қарашасы 

Конференция мақсаты: Орта және жоғары білім берудің өзекті мәселелерін және оларды шешу жолдарын талқылау.

Конференция шеңберінде өтетін пленарлық және секциялық мәжілістерде мына  бағыттардағы мәселелерді талқылау жоспарланады:   

1) Мектеп, отбасы, жұртшылық байланысы: күшейту жолдары мен формалары;

2) Педагогикалық білім беру жүйесіндегі әлеуметтік белсенді тұлға: тәрбие мен толеранттылық;

3) Білім берудің құзреттілік үлгісі: тәжірибе мен инновациялық технология;

5) Іргелі және қолданбалы физика-математикалық ізденістер.

Конференция жұмысына ғалымның әріптестері мен шәкірттері,  ЖОО профессор-оқытушылар құрамы, колледж және мектеп мұғалімдері, білім беру жүйесінің қызметкерлері шақырылады.

Конференция жұмысына қатысу формалары: пленарлық баяндама; секциялық баяндама;  конференция жұмысына баяндамасыз қатысу; конференция жұмысына қатыспай жарияланым жасау.

Материалдар жинағы  конференция алдында шығарылады.

Мақала мәтінінің ресімделуіне  қойылатын талаптар:

1. Мәтін компьютерде теріліп, көлемі 5 беттен аспайтын А4 форматты ақ қағазда басылады. Жұмыс МS WORD (6.0 немесе 7.0) редакторы қабылдайтын  CD-де өткізілуі керек.

2. Мәтіннің техникалық безендірілуі: шрифт – Times New Roman; кегль – 14; қатараралық талап – бірлік; ақ жолақ шегі: – сол жақ 3 см,  жоғарғы, төменгі және оң жақ 2 см.

3.  Беттің үстіңгі жағында жолдың ортасынан қалың бояулы қаріп және бас әріппен жазылған баяндама атауы, оның астынан  бір қатараралық талаппен автор(-лар)дың аты-жөні,  жұмыс орны және тұрғылықты орны, содан соң бір аралықтан кейін негізгі мәтін беріледі.

4. Формулаларды тек қана  (Microsoft Equation) формулалар редакторы қосымшасында теру қажет.

5. Сілтемелер мен әдебиеттер тізімі мақала  мәтінінің соңында көрсетіледі.

Ұйымдастыру комитеті көрсетілген уақыттан кейін түскен  және талаптарға сай орындалмаған материалдарды қарастырмауға құқылы. Материалдар  кейін қайтарылмайды.

Қатысу шарттары.

Конференцияға қатысу үшін мақаланы 2011 ж. 29 қазанына дейін қағазға басылып шығарылған және электронды түрде  мына мекенжайға: 140002, Павлодар қаласы, Мир көшесі, 60-үй, каб. № 105, ғылыми жұмысты ұйымдастыру      бөлімі немесе  ұйымдастыру комитетінің электрондық  мекенжайына Бұл e-mail спам-боттардан қорғалған, оны қарау үшін Сізде Javascript қосулы болуы керек "> Бұл e-mail спам-боттардан қорғалған, оны қарау үшін Сізде Javascript қосулы болуы керек , Бұл e-mail спам-боттардан қорғалған, оны қарау үшін Сізде Javascript қосулы болуы керек мына  материалдарды жолдауыңыз сұралады:

1. Талаптарға сай ресімделген мақала мәтіні.

2. Белгіленген үлгі бойынша автор (-лар) жөнінде мәлімет (қоса беріліп отыр).

3. Тіркеу жарнасы төленгені туралы түбіртектің ксерокөшірмесі немесе  скан-көшірмесі.

Автор  жөнінде мәлімет

1. Тегі, аты-жөні

2. Ғылыми дәрежесі, атағы

3. Ұйым, лауазымы

4. Мекенжайы, телефон/факс

5. Е-mail

6. Баяндама тақырыбы

7. Секция атауы

8. Ұйымдастыру комитетінен шақыру қажеттілігі

Егер шақыру қажет болса, хат жіберілетін мекеме немесе бөлімше басшысының тегін, аты-жөнін, лауазымын, ғылыми дәрежесі мен атағын, факс нөмірін міндетті түрде көрсетіңіз.

Тіркелу жарнасы  - 1500 теңге (конференция материалдарын жеткізусіз).

Тіркелу жарнасын ПМПИ кассасы немесе мына банк реквизиттері бойынша төлеуге болады:

РГКП «Павлодарский государственный педагогический институт»

БИН 040340005741

РНН 451500220232,

ИИК № KZ75826S0KZTD2000757,

в ПФ АО «АТФбанк»

БИК ALMNKZKA

ОКПО 40200973,

КБЕ 16.

Түбіртекте «Шаяхметовские чтения» деп көрсетуіңізді сұраймыз.

Байланыс телефондары: 8(7182)55-53-59,  55-27-98 (ішкі 260).             

Факс: 8(7182)32-47-96. 

Е-mail: Бұл e-mail спам-боттардан қорғалған, оны қарау үшін Сізде Javascript қосулы болуы керек "> Бұл e-mail спам-боттардан қорғалған, оны қарау үшін Сізде Javascript қосулы болуы керек , Бұл e-mail спам-боттардан қорғалған, оны қарау үшін Сізде Javascript қосулы болуы керек

 

Top Panel