Get Adobe Flash player

blog

kzyarmarka

Сертификаты

Система Orphus

Алматыда Қазақстан жоғары оқу орындарының кітаппен қамтамасыз ету мәселелері бойынша VI республикалық конференциясы өткізілді

20 қазанда Алматы қаласында Қазақ ұлттық аграрлық университетінде Қазақстан жоғары оқу орындарының кітаппен қамтамасыз ету мәселелері бойынша VI республикалық конференциясы өткізілді. Конференцияны ҚР білім және ғылым министрлігі мен ҚР жоғары оқу орындары қауымдастығы ұйымдастырды. Конференция жұмысына жоғары оқу орындарының ректорлары, басылған оқулықтардың  авторлары, жоғары оқу орындары ғылыми кітапханаларының директорлары, жоғары оқу орындарының ОӘБ және РУМС өкілдері қатысты.

Конференцияның пленарлық отырысын Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрі Бақытжан Жұмағұлов ашып, министр постындағы өзінің бірінші кеңесін оқулықтардың шығарылуына арнағанын атап өтті.

Алғашқы рет республикалық бюджеттен жоғары оқу орындарына арналған базалық оқулықтардың 130 атауын шығару және қаржыландыру үшін 137,7 теңге көлемінде қаражат бөлінді. Бұл бірінші жасалған қадам. Министр баспа жобасының бірінші кезеңіне қатысқан авторларға алғысын білдірді. Оқу әдебиеттерін шығару және кітапханаларды толықтыру үшін қаражат әрі қарай да бөлінетініне уәде береді. 

Б.Жұмағұлов жоғары білім беру жүйесінің оқулықтармен қамтамасыз етілу картинасын ұсынды. Еліміздің жоғары оқу орындарында кітаптардың мол қоры бар. Бүгінгі таңда студенттердің жалпы санынан 52%, немесе 320 мыңы мемлекеттік тілде оқиды. Қазіргі уақытта кітапханалар қоры 50 млн.жуық кітапты құрайды, бірақ олардың 80 млн., немесе 16% ғана мемлекеттік тілде. Сонымен бірге мамандықтардың базалық оқулықтармен қамтамасыз етілуі, орташа алғанда 70%, оның ішінде мемлекеттік тілде – 30% құрайды.

Министр бірінші кезектегі жасайтын іс-шаралардың санына оқулықтарға сараптама жасаудың міндетін қойды. Ол  авторлық ұжымдардың қалыптаспағандығын, жүйенің жоқтығын белгілеп, жоғары оқу орындары шығаратын оқулықтардың төменгі сапасын сынға тартты.

Барлық оқулықтар қатаң ішкі және сыртқы сараптамадан өтулері керек. Жоо-лар мен авторлар үшін басты талап - сапа болып қалады. Еліміздің білім және ғылыми министрлігі бүгінгі таңда жоо-ларды тек өз оқулықтарын дайындауға емес, сонымен қатар ең жақсы шетел оқулықтарын аударуға керектігіне бағыттайды. Ведомство басшысы құрамына әр түрлі жоо-лардың ғалымдары кіретін авторлық ұжымдарды құру міндетін ерекше белгіледі.

Б.Жұмағұлов маңызды міндеттердің бірі электрондық оқулықтарды жасау керектігін, елімізде оларды әзірлеу бойынша тәжірибенің жоқтығын белгіледі. Жоо ректорларына тапсырмалар берілді: әр жоо-да болуға міндетті электронды оқулықтардың сапасын талдау. Сонымен қатар, жоғары рейтингті шетел журналдарымен әуестеніп, республикалық журналдарға мақалаларды жазуды ұмыту мәселелсіне министр назар уадарды.

Конференцияда ҚР білім және ғылым министрлігінің қамқорлығымен шығарылған базалық оқулықтардың тұсаукесері өткізілді. Бұл жұмысты ҚР жоғару оқу орындары қауымдастығы үйлестірді және басылымдарды дайындау мәселелерімен айналысты. Қауымдастық президенті Р.Алшанов көбі мемлекеттік тілде шығарылған 73 базалық оқулықты ұсынды. Қалған оқулықтар басылып осы жылдың соңына дейін республиканың жоғары оқу орындарына тапсырылады. Басылған және жоспарланған оқулықтардың жалпы тиражы 100 000 астам дананы құрайды. Оқулықтардың дайындауға 25 жоо қатысты, олардың ішінде Павлодар мемлекеттік педагогикалық институты да бар. 

Ғалым Т.С.Рымжановтың басшылығындағы авторлық ұжым – Е.С.Ғабдулин, Г.Қ.Сыздықова, З.А.Рымжанова, С.Б.Аманбаева, Е.М.Исақаев «Малакология (наземные моллюски Казахстана)» оқулығын дайындады, ғалымдар А.Ж. Асамбаев және Т.С. Сабыров ақпараттық желіліре мен информатика бойынша өздерінің оқулықтарын дайындады. Жоо-ның басқа авторларының кітаптары басылуда. Конференцияға қатысқан барлық авторлар  құттықтауларымен өздерінің ганорарларын алды.

Республикалық жооаралық электронды кітапхананың (РЖЭК) атқарушы директоры С.Арпабековтың сөз сөйлеуі электрондық кітапхананы құру және дамыту бойынша ҚР жоо қауымдастығы қызметінің қорытындыларына арналды. Ол 2010 жылдың 1 қаңтарынан жұмыс істей бастады. Оны қалыптастыруға республикамыздың 70 жоғары оқу орны қатысуда. Оқу әдебиеттерімен қамтамасыз ету мәселесін шешумен бірге жалпы электронды қорды жасау бойынша біріктірілген жұмыс жоғары оқу орындарының кітапханаларын жетілдіруге ықпал жасайды. Оқу орындарына кітапханаларды сапалы әдебиеттермен толықтыру бойынша үлкен жұмыс алда тұр. ҚР кітапханалық қауымдастығының президенті Р.Ә.Бердіғалиеваның сөз сөйлеуінде барлық кітапханалық қорларды ұлтымыздың интеллектуалды қоры ретінде қарастыруымыз керектігі баса айтылды. Электронды кітапхананы құру авторлық құқықты сақтауды талап етеді. Авторға төлеу үшін бюджеттен қаражат қарастырылуы керек. Баяндамашы электронды кітапханалардың дамуы қорды ғылыми өңдеуді, қорларды насихаттау мен навигациялауды жүзеге асыратын кітапханалық кадрларды даярлаумен қосталуы керектігі баса айтылды.  Пленарлық отырыс ҚР білім және ғылым министрлігінің Қазақстан Республикасы Ұлтық кітапханасының, Орталық ғылыми кітапхананың және Алматы облысы ауыл кітапханаларының қорларына мемлекеттік тілдегі жаңа жоолық оқулықтарды беру ресми салатанатымен аяқталды.