Get Adobe Flash player

blog

kzyarmarka

Сертификаты

Система Orphus

ПМПИ-де волонтерлердің – жаңа «Студенттер балаларға кітап оқиды» қозғалысына қатысушылардың кездесуі өтті

2011 жылдың 24 қазанында ПМПИ ғылыми кітапханасының оқу залында волонтерлердің – жаңа «Студенттер балаларға кітап оқиды» қозғалысына қатысушылардың кездесуі өтті. Бұл іс-шараның бастауы 2011 жылғы сәуір айында институтымызда өткізілген акция болды. Акция аяқталғаннан кейін қатысушылар жалғасы болады ма деген қызығушылықты танытты. Акцияның сәттілігімен шабыттанған студенттер жаңа оқу жылында, бізді қашан жинайсыздар деген сұрақпен күнде кітапханаға келді. Көптен күткен күн де келді.

Оқу залы волонтерлік қозғалысқа қатысқысы келетін студенттерге толды. Олардың саны жүзге таяды. Кездесуде топқа жауапты және алдын ала белгіленген педагогикалық алаңда жұмыс істейтін кураторлар студенттермен таныстырылды. Студенттер өте мұқият тыңдады және қызығушылықтарын білдірді. Сонымен қатар волонтерлердің алдында педагогика ғылымдарының кандидаты, педагогика кафедрасының оқытушысы Дмитрий Павлович Мучкин сөз сөйледі. Ол студенттерге кәсіби кеңестер берді және балалардың тәртібі туралы, қандай балалармен немесе жағдайлармен жұмыс барысында кездесулері мүмкін екенін түсіндірді.

Волонтерлерге кез келген ақпаратты адамның тәртібі мен денесінің қабылдауы және оған жест түрінде жауабы толық сипатталған Алан Писстың «Язык жестов» атты кітабымен танысуды ұсынды.

Алған ақпарат әр студенттің болашақ педагогикалық тәжірибесіне де пайдалы болады. Сонымен қатар, оқу залында волонтерлік қозғалыстың барлық қатысушыларының назарын тартқан «Балалық шақ кітаптары - Книги нашего детства» атты кітап байқауы ұйымдастырылды. Кездесу біткен соң студенттер көп уақыттай тараған жоқ, кітаптармен танысты, өздеріне белгілер жасап, кураторларымен болашақ жоспарларын талқылады.

Ешкім немқұрайды кеткен жоқ – бұл дискуссияның қарқынды өтуіне қарағанда көздерінің жарқырағаны мен жанған отынан көрінді. Алда – ең маңызды іс бар – тапсырмаларды орындау, алған тәжірибесімен және әсерлерімен бөлісу, ПМПИ таланттарымен волонтерлер қатарын толықтыру.