Get Adobe Flash player

blog

kzyarmarka

Сертификаты

Система Orphus

Қашықтықтан оқыту

 

 

 

Жаңа мың жылдық өзімен жаңа оқу нысанын да әкелді. Қазіргі әлемде қашықтан оқытуды таңдайтын адамдар саны көбеюде.

Павлодар мемлекеттік педагогикалық институт ректорының 2011 ж.     2 тамызынан № 1-01-04/408 бұйрығы негізінде қашықтан оқыту бөлімі құрылды.

Бөлiмнiң қызметi төмендегі  нормативтiк- құқықтық құжаттарға сәйкес iске асады:

  1. 1.«Қашықтан оқытуды ұйымдастыру. Негізгі ережелері» ҚР ҚЖБМС 5.03.004-2009;
  2. 2.«Қашықтан оқытудың техникалық және бағдарламалық жүйесі»              ҚР СТ 34.016-2004;
  3. 3.«Ақпараттық технологиялар. Электронды басылымдар. Электронды оқу басылымдар ҚР СТ 34.017-2005;
  4. 4.Қашықтықта білім беру технологиялары бойынша оқу үдерісін ұйымдастыру ережелері;
  5. 5.ПМПИ СМЖ нормативті құжаттары.

Қашықтан оқыту жеке дара оқыту негізінде жүреді: білім алушы оқытудың түрін өзі таңдайды, жеке сабақтарды қайталап оқуы мүмкін, кейбір бөлімдерді тастап кету мүмкін және т.б. Оқытудың бұл жүйесі студенттің өз бетінше жұмыс жасауын және өздігінен білім алу біліктерін дамытады.

Қашықтан оқыту- бұл белгілі бір қашықтықта оқыту, яғни оқытушы мен оқушы бір-бірінен кеңістікпен алшақтатылған және оқу үрдісінің барлығы немесе оның басым бөлігін қазіргі ақпараттық және телекоммуникациялық технологияларды қолдану арқылы жүзеге асырады.

Қашықтан білім беру технологиясы білім алудың перспективті тәсілі болып табылады. Қашықтан білім берудің тиімді жүйесін жасау халықтың басым бөлігі үшін сапалы білімге қол жетімділікті арттырады, мүмкіншілігі шектеулі адамдар үшін білім алу проблемасын шещуге және күндізгі оқыту нысаны бойынша білім алу мүмкіншілігі жоқ аймақтар халқын анағұрлым толық қамтуға көмектеседі.

Қашықтан оқыту технологиясын бойынша оқыту ПМПИ-де бакалавриаттың 14 мамандығы бойынша жүзеге асырылады.

Бакалавриат мамандығы:

5В010100- Мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқыту

5В010200- Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі

5В010300- Педагогика және психология

5В010900- Математика

5В011000- Физика

5В011100- Информатика

5В011300- Биология

5В011400- Тарих

5В011500-Құқық және экономика негіздері

5В011600- География

5В011700- Қазақ тілі мен әдебиеті

5В011800- Орыс тілі мен әдебиеті

5В012000- Кәсіптік оқыту

5В050300- Психология

ПМПИ-де қашықтан оқыту технологиясы бойынша оқыту кейс және желілік технологияны қолдану арқылы жүзеге асырылады.

Кейс-технологиясы – оқу-әдістемелік материалдарды қағаз, электрондық және басқа тасымалдаушыларға жинақтауға және оларды өздіктерінен жұмыс істеу үшін студенттерге беруге негізделген технология.

Қашықтан оқыту курсы модульдық негізде әзірленеді: әрбір модуль – бұл белгілі уақытта оқуға арналған, нақты белгіленген білім мен іскерлік көлемі енгізілген стандартты оқыту өнімі немесе жұмыс сапасы курстық және бақылау жұмыстарымен, сондай-ақ мәтіндік, сынақ және емтихандық құралдармен белгіленетін сынақ бірлігі.

Желілік технология – құрамына оқу-әдістемелік материалдармен қамта-масыз ету енген, оқушылардың бір-бірімен және оқытушылармен өзара интерактивті байланысу нысандарын, сондай-ақ (СДО) Moodle арқылы Интернет желісін пайдалау негізінде оқу үдерісін басқару технологиясы.

Қашықтан оқыту технологиясы негізінде жүзеге асырылатын оқу үдерісі құрамына міндетті аудиторлық сабақтар мен студенттердің өздік жұмысы кіреді.

Виртуалдық сабақтар кезінде студенттер кейстің мазмұнымен танысады, практикалық тапсырмалар мен өздік жұмысының тапсырмаларын орындайды.

Оқыту кезеңіне студенттерге ppi.kz желісіндегі электрондық поштаның мекенжайы беріледі, ол арқылы студенттер семестр пәндері бойынша жетекші оқытушылармен off-line консультациялар алады.

Академиялық күнтізбеге сәйкес семестр 10-15 апта аралығына созылады, бұл кезеңде студенттерге екі аралық бақылау қарастырылған. Аралық бақылау бойынша рейтингті алу үшін, студенттер оқытушының элек-трондық мекенжайына өздері орындаған тапсырмалардың электрондық нысанын жібереді немесе оларды қолма-қол береді.

Семестр аяқталғаннан кейін ұзақтығы 2 ден 3 аптаға созылатын байланыс сабақтары жоспарланған, олар қорытынды бақылаумен (емтихан) аяқталады. Байланыс сабақтар-да студенттер кестеге сәйкес семестр пәндері бойынша консультация алады, сондай-ақ виртуалдық зертханалық базасы жоқ пәндер бойынша зертханалық практикумдарды орындайды.

Қашықтан оқыту курсы – бұл тек сабақтардың мәтіні ғана емес, желіде сәйкес ақпартты іздестіру, курс тьюторларымен де, басқа оқушылармен де хат алмасу, Интернет арқылы таратылатын деректер базасын, мерзімдік ақпарттық басылымдарды пайдалану да енген тұтас үдеріс.

  • РусскийEnglish
Top Panel