Get Adobe Flash player

blog

Подразделения ПГПИ

kzyarmarka

Сертификаты

Система Orphus

Тарих

Павлодар педагогикалық институты мұражай кешенінің алғашқы жинағы 1975 жылдан бастап қалыптасты. Кішігірім залда облыс аумағында кездесетін жануарлардың биотоптары, сонымен қатар палеонтологиялық, археологиялық қазба олжалар көрсетілген.

Бірінші мұражай кешені 2001 жылға дейін қолданыста болды. Оның негізінде 2002 жылы жаңа экспозиция жасалды. Оған бұрыңғы экспозициялардан 10 пайыздай экспонат кірді, негізінен «Қаз қонақ» палеонтологиялық ескерткішінен олжалар мен жануарлар чучелалары. Мұражайдың экспозициялық ауданы біршама кеңейтілді, қазір ол 400 шаршы метрді құрап отыр.

 

ПМПИ-тың мұражай кешені 3 бөлімнен тұрады:

 

- Минерология және петрография бөлімі

 

- Палеонтология бөлімі

 

- Зоология бөлімі

 

Мұражайдың негізгі қоры 2 422 бірлікті құрайды. Қосымша қор 66 бірліктен тұрады.

Мұражай кешені жаратылыстану факультетінің ғылыми-зерттеушілік, мәдени-танымдық және тәрбиелік құрылымы болып табылады. Қазақстан аймақтарының табиғи тарихын сақтаушы.

Мұражай кешенінің негізгі жұмысы біліктілігі жоғары мамандарды, биологтарды, экологтарды, географтарды және тарихшыларды дайындауға атсалысу.

Мұражай кешенінің негізгі бағыттарының бірі ғылыми, оқу және тарихи-мәдени құндылықтарға ие болатын мұражай заттарын, жинақтарын жинау, зерттеу және сақтау.