Бәсекелестікке академиялық оңтайлылық арқылы
22 желтоқсанда Том қаласында «Сібір ашық университеті» білім беру және ғылым мекемелерінің Қауымдастығы кеңесінің отырысы өтті. Оған Ресей Федерациясы мен Қазақстан Республикасының жетекші жоо-ларының өкілдері қатысты. Форум жұмысына ПМПИ-дің ғылыми жұмыс және халықаралық байланыстар жөніндегі проректоры Бекен Сағындықұлы қатысты. Кеңес жұмысы барысында негізгі тақырыптардың бірі болып студенттер мен ПОҚ академиялық оңтайлылығы талқыланды.
Әлемдік білім беру кеңісітігіндегі, «Сібір ашық университеті» ғылым және білім беру мекемелерінің Қауымдастығына ПМПИ-дің қатысуы студенттер мен профессор-оқытушылар құрамына зор мүмкіндіктер ашады.
Студенттердің ішкі мен сыртқы академиялық оңтайлылықты дамыту үшін ПМПИ Қазақстандағы барлық педагогикалық жоғары оқу орындарымен, «Сібір ашық университеті» Қауымдастығы мүшелерімен - Ресей Федерациясы жетекші жоо-лармен шарт жасасты. Ресейліктер академиялық оңтайлылық аясында біздің студенттермен ынтымақтастықта болып, тұрғын үймен қамтамасыз етуге мүдделі. Оқытушыларға да зор мүмкіндіктерге жол ашылуда, серіктестеріміз біздің ғалымдарды Ф. Достоевский атындағы Омбы мемлекеттік университетінде және Том мемлекеттік университетінде филология және тарих факультеттерінде қосымша білім беру аясында дәріс оқуға шақырды.
< Алдыңғысы | Келесі > |
---|