ПМПИ-де «Сергектік пен денсаулық» атты спартакиада басталды
12 қаңтар күні Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтында дәстүрге айналған «Сергектік пен денсаулық» спартакиадасының ашылу рәсімі өтті.
Бұл спорттық іс-шараға жоғары оқу орнының қызметкерлері мен профессор-оқытушылар құрамы қатысады. Сайыстар баскетбол, волейбол, футбол, үстел теннисі бойынша жүргізіледі. Ең қызықты сайыстардың бірі «Көңілді старт» эстафетасы саналады.
Биылғы сайысқа сегіз команда қатысты. Олар: жаратылыстану; физика-математика; ПМПИ колледжі; тарих, экономика және құқық факультеттерінің командалары; шаруашылық департаменті, білім беруді ақпараттандыру орталығы, ректорат және филология мен психология-педагогикалық біріккен құрама командалары.
«Көңілді старт» сайысындағы командалар мергендік шеберлігі, ептілік, жылдамдық пен білім деңгейлері бойынша бақ сынады. Онда 1 орынға – филология мен психология-педагогикалық факультеттерінің біріккен құрама командасы, 2 орынға – білім беруді ақпараттандыру орталығы, 3 орынға – жаратылыстану факультеті ие болды.
Барлық сайыс қатысушылары, жанкүйерлер мен спартакиада ұйымдастырушылары – дене шынықтыру және спорт факультетінің оқытушылары бұл жарыстан жақсы көңіл, сергектік пен денсаулық қуатын алды.
Спорттағы жетістіктерін ПМПИ ұжымы Қазақстан тәуелсіздігінің 20-жылдығына және педагогикалық институтының 50-жылдық мерейтойына арнады.
< Алдыңғысы | Келесі > |
---|