Get Adobe Flash player

blog

kzyarmarka

Сертификаты

Система Orphus

ПМПИ студенттері әйгілі павлодарлық суретші Ғалым Қаржасовпен кездеседі

 

2012 жылғы 13 қаңтар күні Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтында әйгілі павлодарлық суретші Ғалым Қаржасовпен шығармашылық кездесу өткізіледі.

Студенттер қонағы Қазақ өнер академиясының академигі, «Құрмет» орденінің иегері, «Қазақстан-2000» шеберлік сабағы» халықаралық өнер фестивалінің лауреаты, ҚР Президентінің стипендиаты Ғалым Қаржасов 1954 жылы 11 қаңтарда Павлодар облысы Ертіс ауданы Үлгілі ауылының И. Байзақов атындағы кеңшарында туған. Оның шығармашылық еңбектері Ә. Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер мұражайында, Павлодар, Семей, Атырау және Қарағанды көркемсурет мұражайларының қорларында, Қазақстан, Франция, Германия, Канаданың жеке коллекцияларында сақталуда.

Ғ. Қаржасовтың үздік туындылары Нью-Йорк, Амстердам, Варшава, Вроцлава, Берлин, Штутгарт пен Мюнхеннің мұражайларында, Астана қаласындағы Тәуелсіздік сарайында, Мәдениет пен келісім сарайында көрмелерінде қойылды.

Шығармашылық кездесу барысында суретші туындылардың қалай жасалатыны туралы, өзінің кәсіби құпияларымен бөлісіп, жас әріптестерінің көптеген сұрақтарына жауап береді.