Get Adobe Flash player

blog

kzyarmarka

Сертификаты

Система Orphus

Объявления

Вниманию педагогов, учителей, аспирантов!

group image_4143_2213220.thumb 

«Magister Dixit» - научно-педагогический журнал Восточной Сибири. Журнал для педагогов, учителей, аспирантов и всех, кто стремится к постижению глубинных и противоречивых образовательных процессов, происходящих на современном этапе, многоязычное (русский, украинский, белорусский, казахский, китайский, английский, немецкий, французский, испанский) ежеквартальное научное периодическое издание ФГБОУ ВПО «ИГЛУ». Журнал выходит с 2011 г., объем до 50 Мбайт, формат Web-страница.

Толығырақ...

Хабарландыру!

Құрметті студенттер, филология факультетінің қазақ тілі және әдебиеті кафедрасы жанынан ашылған «Үркер» студенттер үйірмесі «Ізденіс» бағытында ғылыми жұмыспен (мақала, ғылыми жоба, диплом жұмысы т.б.) айналысып жүрген студенттерді профессор-оқытушылардың шеберлік дәрістеріне шақырады.

 

БАҒДАРЛАМА

 

26.03.2012 филология ғылымдарының кандидаты, ПМПИ доценті

Қ.С.Ерғалиев.

Тақырыбы: Ғылыми жобаның жазылу жолдары;

27.03.2012 – филология ғылымдарының кандидаты, доцент

Ә.Д.Әміренов.

Тақырыбы: Ғылыми конференцияда баяндама жасау тәсілдері;

28.03.2012 – филология ғылымдарының докторы, профессор С.Н.Сүтжанов.

Тақырыбы: Ғылыми еңбек жазудың әдіс-тәсілдері.

 

Дәрістер мына мекенжайда өтеді: С.Торайғыров көшесі, 58-үй (№6 корпус), 305-аудитория. Сағат: 16:30-да.

 

 

Ұйымдастырушылар: «Үркер» студенттер үйірмесі

 

Ғалымдардың назарына

2012 жыл 22 ақпандағы Ғылыми кеңес пен 27 ақпандағы аппараттық мәжілісте берілген тапсырмаға негізіндегі іргелі және қолданбалы зерттеу бойынша бюджеттен тыс қордан қаржыландырылатын гранттарға сәйкес институтішілік конкурс жарияланды. Жалпы қор 10 млн. теңге. Ғылыми жобаның толық рәсімделген өтінімі мен қосымшалары Ғылым басқармасына тапсырылады. Өтінім қабылдаудың соңғы күні 26 наурыз 2012 жыл. Толық мәліметті конкурстың Ережесінен алуға болады.

 

Павлодар қаласында әйел және отбасылық кәсiпкерлiктi қолдау мен дамытуға бағытталған бағдарлама

  • Бағдарлама мақсат:

  • бюджеттің қолдауымен халыққа жаңа жұмыс орындарын құру.

  • Жеке алғанда әйелдің отбасылық бизнесі;

    Ұйымдастырушылар:

  • *ММ «Павлодар қаласының кәсіпкерлік бөлімі» (Павлодар, қ, Кривенко көш, 25, каб.718, тел. 323511, 320618)

    * КМК «Инновация және кәсіпкерлікті дамыту орталығы» (Павлодар қаласы, Ленин көш, 61, каб. 110, 115 тел, 327317, 329044)

Студенттердің назарына - «Comedy кеш»!

3 сәуір күні ПМПИ акт залында сағат 16.00-де «Comedy кеш» stand-up шоу өткізіледі. Ұйымдастырушылар – жастар ісі жөніндегі комитет. Шоу резиденттері - Еркебұлан Күнтуған және Рустам Бесенов. Келіңіздер, көріңіздер!

Ғылыми кітапхана шақырады

Ғылыми кітапхана «Кітапханалық интерьердегі ғалым портреті» сериясынан шығармашылық кездесуге шақырады. Кеш қонағы – ПМПИ түлегі, п.ғ.д., профессор К.А.Нұрымжанова. Кездесу 16 наурыз күні №1 оқу залында (201-бөлме) сағат 14:30-да өтеді.

 

Пән мұғалімдеріне арналған семинар

Қазақстан Республикасының 2011-2020 жылдарға арналған білім беруді дамыту мемелекеттік бағдарламасын жүзеге асыру мақсаты негізінде Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтында 2012 жылдың 4 сәуірінде 7-8-сынып оқушыларының арасында қазақ тілі мен әдебиетінен облыстық олимпиада өтеді. «Ертіс дарыны» аймақтық ғылыми-тәжірибелік орталығымен бірлесе өткізгелі отырған аталмыш шара, облысымыздағы қазақ тілі, қазақ әдебиеті пәндеріне бейімі жоғары, дарынды, терең білімді жасөспірімдерді анықтау үшін ұйымдастырылып отыр. Ол олимпиадаға қатысушылардың резервін қалыптастыру, нығайту міндеттері көздейді.

Сонымен қатар қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының профессор-оқытушыларының ұйымдастыруымен пән мұғалімдеріне арналған семинар өткізілетінін хабарлаймыз. Семинар аясында олимпиада қатысушыларына дайындалған тапсырмалар желісі талқыланады.

Екі кезеңді қамтитын олимпиаданың жалпы ережесі және тапсырмаларымен www.ertisdaryn.kz сайтынан толық танысуға болады.

 

Қазақ тілі және әдебиеті кафедрасының ұжымы

Толығырақ...

Оқытушылардың және қызметкерлердің назарына!

 

«Жас ғалымдардың оралымдылығы» бағдарламасына қатысу үшін тапсырыстарды қабылдау мерзімі басталды.

Құжаттарды қабылдау мерзімі 2012 ж. 31 наурызға дейін. 

 

Құрметті ПМПИ-ң барлық мамандықтарының студенттері!

 

         2012 жылы 2 наурызда ПМПИ-ң 50 жылдығына арналған информатика мен программалау бойынша олимпиада өткізіледі. Баршаңызды шақырамыз!

Толығырақ...

Құрметті ұстаздар мен студенттер!

 

2012 жылы ақпанның 20-25 аралығында психология-педагогика факультетi Павлодар мемлекеттік педагогикалық институты мен колледжінің жас оқытушылары арасында "педагогикалық шеберлік» сайысын өткiзедi.

Сайыстың мақсаты: ПМПИ-нің жас оқытушыларын бiлiктiлiктерін арттыруға ынталандыру.


Сайыс 4 кезеңнен тұрады:

1 кезең (жеке-дара) —«Қазақстандағы ғылымды дамытуға ЖОО қатысуы». тақырыбына эссе жазу.

2 кезең (командалық) — «Білім беруді модернизациялау мен 12-жылдық орта бiлiм беруге көшу мәселелері» тақырыбы бойынша, бір мамандық шеңберінде, ғылыми-педагогикалық зерттеудің проспект-жоспарының электронды презентациясы.

3 кезең (жеке-дара) — тәрбиелiк іс-шараның видеофрагментін талдау.

4 кезең (командалық) команданы таныстыру

Сайысқа қатысу туралы мәлiмдеменi ұйымдастыру комитетіне 2012 жылдың 13 ақпанына дейiн беру керек. (№ 6-203, ППФ-тің мектепке дейінгі және бастауыш бiлiм беру кафедрасы)

Ұйымдастырушы: мектепке дейінгі және бастауыш білім беру кафедрасы.

Келіңіздер, көріңіздер, тамашалаңыздар!

ПМПИ «Дипломмен - ауылға!» акциясын өткізеді

15 ақпанда сағат 11.00-де Ж. Аймауытов атындағы қазақ музыкалы драма театрында Павлодар мемлекеттік педагогикалық институты Павлодар облысы ішкі саясат басқармасы және облыстық білім басқармасымен бірігіп «Дипломмен – ауылға!» акциясын өткізеді. Бұл жоба аясында ПМПИ 2012 жылғы түлектері облысымыз ауыл аймақтарының өкілдерімен кездеседі.

Акцияға Павлодар облысы әкімінің орынбасары Ә.Қ. Ғалымова, облыстық білім басқармасы, Павлодар облысы ішкі саясат басқармасы, қалалар мен аудандар әкімдері, аудандық (қалалық) білім бөлімдерінің басшылары, институттың профессор-оқытушылар құрамы мен 2012 жылғы түлектер қатысады.

Тағы мақалалар...
  • РусскийEnglish
Top Panel