ПМПИ-дің сапа менеджменті жүйесіБүгінгі таңда жоо-лардың білім беру қызметінің сапасын арттыру мемлекеттік тапсырмалар аясындағы стратегиялық мақсат ретінде және жоо-ның тіршілік әрекетін қамтамасыз ететін, оқу орнының өз міндеттері шеңберінде оны дамыту мен гүлдендіру құралы ретінде қарастырылады. Мамандарды даярлау сапасын арттырудың, сондай-ақ жоо-ның бәсекеге қабілетті болуының бір жолы – сертификаттау мен аккредиттеу механизмдерінің көмегімен халықаралық дәрежеде сәйкестігін мойындату. ИСО 9001:2008 ХС талаптарына сәйкес сапа менеджменті жүйесінің сертификатталуы халықаралық аккредиттеу және сертификаттау жүйесінің маңызды құрастырушысы болып табылады. Сапа менеджменті жүйесін енгізу практикалық пайда әкеледі, атап айтқанда: - институт басшылығына: жоо-ның үдерістер желісін айқындау, жауапкершілік, өкілеттілік пен өзара қарым-қатынастың нақты бөлінуі әрқайсысына жалпы қызметті басқаруды жақсартады; басқарудың төменгі сатыларына көрініс табатын сапа саласындағы саясат, жоо-ның даму стратегиясы мен мақсаты үдерістер нәтижелілігін, құрылымдық бөлімшелер мен олардың жетекшілері мен қызметкерлер құрамын бағалау үшін көрсеткіштер жүйесі мен белгілерінің қалыптасу негізі болып табылады; ішкі аудиттерді өткізу мақсатты түрде жақсарту қажет аумақтарды анықтауға мүмкіншілік береді және бөлім жетекшілері мен қызметкерлер құрамының іс-әрекетін жоспарлы түрде қарқындатады; институттың имиджі, демек оның білім беру қызметінің бәсекеге қабілеттілігі де артады; - институт қызметкерлеріне: әр түрлі құжат түрлерін іздестіру және оның жаңа түрлерін жасау жөніндегі жұмысының тиімділігі артады; жаңа рәсіммен айтарлықтай тез танысуға болады; әрбір қызметкердің жұмысы ішкі аудит әсерінен реттелед және жетілдіріледі; сапа жүйесі бойынша ішкі аудиторларға ұсыныс айта отырып, жалпы жоо мен өз қызметін жақсарту үдерісіне қатысу мүмкіндігі; өз қажеттіліктерін қанағаттандыру, өйткені сапа менеджменті жүйесінің дамуы ерекшеленген қызметкерлерді нақты анықтауға және оларды ынталандыруға мүмкіндік береді; - тұтынушыларға (талапкерлер, студенттер, білім беру мекемелері және т.б.): көп дәрежеде олардың білім беру үдерісі мен оны қамтамасыз ету жүйесінің нәтижелеріне деген талаптары қанағаттандырылады; жоо-ның имиджі артады және оның нәтижесі ретінде оның дипломының да имиджі артады. Білім беру сапасын және басқару жүйесінің тиімділігін арттыру мақсатында 2007 жылы институтта сапа менеджменті жүйесі енгізілді. «Русский Регистр» сертификаттау жөніндегі Қауымдастығы (Санкт-Петербург қаласы) мен «IQNet» халықаралық сертификаттау жөніндегі жүйесінің 2008 жылдың 14 қаңтарындағы шешіміне сәйкес ПМПИ-ге білім беру қызметтерін жобалау және әзірлеу, жоғары кәсіптік білімі бар кадрларды даярлауға (бакалавр, маман) қатысты, лицензиялау аумағына сәйкес мемлекеттік жалпыға міндетті жоғарғы кәсіптік білім беру стандарттарының мамандықтары мен бағыттары бойынша сапа менеджменті жүйесінің ИСО 9001:2000 халықаралық стандартына № 08.015.026 сәйкестік сертификаты берілді. Сертификаттың қолданыс мерзімінің аяқталуына байла-нысты және сапа менеджменті жүйесін қайтадан тексеруден өту негізінде институтқа ғылыми-педагог кадрларын (бакалавр, магистр) даярлауда білім беру қызметтері мен кәсіптік оқу бағдарламаларын дайындау және жүзеге асыруға қатысты, білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарының мамандық топтары бағыттары бойынша лицензиялау аумағына сәйкес сапа менеджменті жүйесінің ИСО 9001:2000 халықаралық стандартқа 2010 жылғы 27 желтоқсандағы № 10.1466.026 сәйкестік сертификаты берілді. Сапа менеджменті жүйесінің қызмет ету мерзімі ішінде ПМПИ-дің миссиясы анықталды.
Сапа саласындағы мақсаттар әзірленді және қабылданды.
ПМПИ-дің, оның факультеттері, кафедралары және басқа да бөлімдерінің сапа менеджменті жүйесін ұдайы жақсартуға және қызметінің жетілдірілуіне бағытталған іс-шараларды ұйымдастыруды және олардың орындалуын бақылауды сапа менеджменті бөлімі жүзеге асырады. Бас ғимарат, № 322 бөлме Байланыс телефоны: 552798 – 229 (ішкі)
|