1.Егер бастапқы концентрация 6 моль/л болса, ал екі минуттан кейін 2 моль/л болады. Осы реакцияның орташа жылдамдығын есептеу.
2. 15 0С -та (СН3СО)2О + Н2О ↔ 2СН3СООН реакциясының жылдамдақ константасы 0,0454 мин-1 тең. Сірке ангдридінің бастапқы концентрациясы 0,5 моль/л тең болады. Егер сірке қышқылының концентрациясы 0,1 моль/л тең болса, осы сәттегі реакция жылдамдығы нешеге тең болады?
3. СО концентрациясын үш есеге жоғарлатқанда 2СО(г)+О2(г)↔ 2СО2(г) тура реакциясының жылдамдығы қалай өзгереді?
4. Егер 410С-та 1,2*10-5 сек-1 болса, реакцияның жылдамдық константасы 360С кезінде 6*10-6 сек-1 тең болады. Реакцияның температуралық коэффициентін есептеу.
5. Жүйеде 2 NO(г)+O2(г) ↔ 2NO2(г) заттардың тепе-теңдік концентрациясы [ NO] = 0,2 моль/л, [O] = 0,3 моль/л, [ NO2] = 0,4 моль/л құрайды. Тепе – теңдік константасын есептеу және тепе-теңдік күйін анықтау (тепе-теңдік қай жаққа ығысуы бойынша).
6. 3Н2+N2↔ 2NН3 реакциясының тепе-теңдік константасы температура аралығы кезінде 2 тең. Егер сутектің бастапқы концентрациясы 10 моль/л тең болса, сутектің 75% аммиакқа айналдыру үшін, қанша азот молін бір литр газ қоспасына қосу керек?
7. Қысымды 2 рет жоғарлатқанда 2 NO(г)+O2(г) ↔ 2NO2(г) тура реакциясының жылдамдығы қалай өзгереді?
8. 10 0С кезінде химиялық реакция 16 минутта аяқталады. Егер температуралық коэффициент γ =2 тең болса, 1 минутта қандай температурада аяқталады?
9. Температуралық коэффициент 1,3 тең болып, егер температура 36,6 0С -тан 27 0С өзгерсе, реакция жылдамдығы неше есе төмендейді?
10. Егер тепе- теңдік күй [ NO] =0,056 моль/л, [O] = 0,02 моль/л, [ NO2] = 0,044 моль/л болса, 2 NO(г)+O2(г) ↔ 2NO2(г) реакциясы үшін тепе-теңдік константасының мәнің есептеу.