Get Adobe Flash player

blog

kzyarmarka

Басты меню

Сертификаты

Система Orphus

Институтта практиканы ұйымдастыру туралы

Институтта практиканы ұйымдастыру туралы

ПМПИ-де студенттерді оқытудың негізгі мақсаты ғылыми-педагогикалық, өндірістік-технологиялық міндеттерді шеше алатын, жаңа формациядағы маман мен педагогты қалыптастыру болып табылады, осыған байланысты кәсіби практикаларға көп көңіл бөлінеді. Кәсіби практика институттың оқыту үдерісінде алған теориялық білімдерін бекітуге, практикалық машықтану мен біліктілікті игеруге, сондай-ақ озық тәжірибелерді жинақтауға бағытталған. Әр практика түрінің міндеттері әртүрлі, бірақ мақсаты бір: еңбек нарығында бәсекеге қабілетті жоғары білікті педагог кадрларды даярлау.

Дипломмен – ауылға!

15 ақпанда Павлодар мемлекеттік педагогикалық институты Павлодар облысы ішкі саясат басқармасы және облыстық білім басқармасымен бірігіп «Дипломмен – ауылға!» акциясын өткізеді. Бұл жоба аясында ПМПИ 2012 жылғы түлектері облысымыз ауыл аймақтарының өкілдерімен кездесті.
    Акцияға Павлодар облысы әкімінің орынбасары Ә.Қ. Ғалымова, облыстық білім  басқармасы, Павлодар облысы ішкі саясат басқармасы, қалалар мен аудандар әкімдері, аудандық (қалалық) білім бөлімдерінің басшылары, институттың профессор-оқытушылар құрамы мен 2012 жылғы түлектер қатысты.
    «Дипломмен – ауылға!» бағдарламасы республикада бірнеше жыл іске асырылуда. Бұл бағдарлама ауылдық жерлердегі өмір деңгейін жақсартуға, ауылға жас мамандарды тартуға бағытталған. Жобаның басты мақсаты Қазақстан Республикасының «Ауылдық елдi мекендердiң әлеуметтiк сала қызметкерлерiн әлеуметтiк қолдау және ынталандыру туралы» Заңын жүзеге асыру болып табылады.