Ректорат
Ректор
Нұрғали Рахымғалиұлы Аршабеков (1952.18.11) Білімі: Абай атындағы ҚазПИ-дің филология факультетін 1975 жылы бітірді. Ғылыми атағы, дәрежесі: философия ғылымдарының докторы. 34 ғылыми жұмыс пен 1 монографияның авторы. Қосымша ақпарат: Еңбек жолын 1970 жылы бастауыш сыныптар мұғалімі болып бастады. Жамбыл облысының Красногорск кеңшар-техникумында орыс тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі, Жамбыл педагогикалық институтының орыс тілі және әдебиеті әдістемесі кафедрасының оқытушысы болып жұмыс істеді. Алматы халық шаруашылық институтында түрлі қызметте: оқытушы, аға оқытушы, жоспарлау-экономикалық факультет деканының орынбасары және «Есеп және экономикалық кибернетика» оқу-ғылыми кешені директорының орынбасары болып қызмет атқарды. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігіне келгенге дейін Орталық Азия университетінің оқу-әдістемелік жұмыс жөніндегі проректоры болды. 2002 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінде бас маман, аттестаттау және аккредиттеу бөлімінің бастығы, Білім беруді мемлекеттік инспектциялау және мониторинг жасау департаментінің мемлекеттік инспектцилау және лицензиялау басқармасы бастығының орынбасары, Білім және ғылым саласында қадағалау және аттестаттау бойынша Комитеттің аттестаттау және аккредиттеу басқармасы бастығының орынбасары болды. 2005 – 2007 жылдары ҚР БжҒМ Білім және ғылым саласындағы қадағалау және аттестаттау Комитетінің қаржы және әкімшілік жұмысы басқармасының бастығы болып жұмыс істеді. 2007 жылдан бастап – Дамыту стратегиясы департаменті директорының орынбасары. 2009-2011 жылдары Мектепке дейінгі және орта білім беру департаментінің директоры, ҚР БжҒМ Стратегиялық жоспарлау мен ақпараттық технологиялар департаментінің директоры болып қызмет атқарды. 2011 жылғы мамыр айында Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтының ректоры болып тағайындалды. «Ерен еңбегі үшін» медалімен, «Білім беру ісінің құрметті қызметкері» төсбелгісімен марапатталды. Үйленген, үш баласы бар.
|
|
|