Миссиясы: ПМПИ-дің білім беру қызметінің сапасын мониторингілеу және заманауи шынайы қоғамда жоо-ны басқару жүйесінің тиімділігін талдау.
Мақсаты: жоо-да білім беру үдерісінің сапасын басқарудың тиімділігін қамтамасыз ететін мониторингін жүргізу.
Негізгі міндеттері:
СММБ-нің негізгі қызметтері:
-
- жоо-ның оқу, әдістемелік, тәрбие және ғылыми-зерттеу үдерістерінің қолданылу серпінін, сондай-ақ ПМПИ-дің ұйымдастыру мәдениетін жетілдіру жөнінде қолданылатын шараларды қадағалау;
-
- оқу жылы ішінде облыстық және қалалық білім беру мекемелеріндегі кәсіби бағдар беру жұмыстарының жүргізілу сапасын мониторингілеу;
-
- талапкерлерді қабылдау саясатының іске асырылуын мониторингілеу (өткізілген кәсіби бағдар беру жұмыстарының нәтижелері мен қабылдау комиссиясы қызметінің тиімділігі);
-
- кәсіби құзыреттілікті қалыптастыруға бейімделген ПМПИ студенттерінің оқыту сапасының нәтижелерін мониторингілеу (рейтингтік бақылау, сессия, жазғы семестр және қорытынды бақылау нәтижелері);
-
- студенттердің бітіру біліктілік жұмыстарының тақырыптамасын, олардың білім беру ұйымдары мен мекемелерінің нақты қажетсінулеріне бейімделу дәрежесін мониторингілеу;
-
МЖМБС талаптары бойынша (ПОӘК, оқу, оқу-әдістемелік және көмекші әдебиеттер) бакалавр даярлаудың әдістемелік қамтамасыз етілуін мониторингілеу;
-
- оқу үдерісіне (кредиттік, модульдік, қашықтан оқыту, жеке бағдарлық, проблемалық және т.б.) құзыреттілік амалдар шеңберінде инновациялық білім беру технологияларын іске асыруды мониторингілеу;
-
- кәсіби оқыту және жоғары кәсіби білім беру жүйесінің деңгейлері мәселелері бойынша ПОҚ біліктілігін арттыруды мониторингілеу;
-
- студенттердің педагогикалық практикасының мазмұны мен ұйымдастырылуын мониторингілеу;
-
- жұмыс берушімен, азаматтық қоғаммен және ата-аналар жұртшылығымен байланысты ретке келтіру түрлерінің, әдістері мен құралдарының дамуын; жұмыс берушімен бірлесіп зерттеу жобаларының жүзеге асырылуын мониторингілеу;
-
- ПМПИ бітірушілерінің жұмысқа орналасуы мен мансаптық өсуін мониторингілеу;
-
- ғылым дамуының маңызды бағыттары мәнмәтінінде іске асырылатын педагогикалық білім беру саласындағы ғылыми-зерттеу және эксперименттік жұмыстарды мониторингілеу;
-
- болашақ педагогке қойылатын қоғам талаптарының жаңа жүйесіне бейімделген жеке тұлғаның білім беру және тәрбие үдерістерінің тиімділігі мен тәрбиелік деңгейін мониторингілеу (теорияны шығармашылық жағынан игеруі, сыни тұрғыдан ойлаудың қалыптасуы, кәсіби қызметтің мақсаты мен міндеттерін айқын тұжырымдай білуі және оларды іске асыруда тиімді шешімдерді қабылдай алуы, оқыту мен тәрбиелеудің қазіргі заманғы амалдарын қолдана білуі);
-
- жоо-ның инфрақұрылымы мен ақпараттық-әдістемелік қамтамасыз етілуін және олардың қазіргі заманғы жоғары кәсіби мектеп талаптарына сәйкестігін мониторингілеу;
-
- тиісті басқару шешімдерін қабылдау үшін ПМПИ-дің негізгі үдерістерінің (оқу, әдістемелік, тәрбие және ғылыми-зерттеу) тиімділігін арттыру жөніндегі ұсынымдарды әзірлеу;
-
- студенттер үшін практика базасы болып табылатын білім беру ұйымдарымен, бітірушілер үшін жұмыс берушілермен өзара байланыс орнату және жұмыс жоспарында қарастырылған практикаларды ұйымдастыруда оқу бөлімшелеріне көмек көрсету;
-
- ПМПИ-дің студенттері мен бітірушілерін жұмысқа орналастыру технологиясын әзірлеу және мансаптық өсуіне жәрдемдесу;
-
- Болон үдерісінің және БжҒМ-нің ережелері мен құжаттарын есепке ала отырып, халықаралық сапа стандарттары талаптары негізінде жооішілік білім берудің сапа менеджменті жүйесін жетілдіру;
-
- ПМПИ-де білім берудің сапа менеджменті жүйесінің нәтижелілігі туралы ақпараттарды жинау және өңдеу, білім беру сапасының мәселелері бойынша ақпараттық-аналитикалық банк қалыптастыру;
-
- ішкі аудиттер өткізу, сапаны басқарудың жүйесін талдау үшін нәтижелерді өңдеу, түзету және ескерту әрекеттерінің мәртебесі туралы деректерді жинауды және өңдеуді жүзеге асыру;
-
- ішкі аудиторлар тобы мен сапа жөніндегі уәкілдерді оқыту;
-
- білім беру сапасының мониторингісін жүргізуде оқу бөлімшелерінің басшыларына әдістемелік және кеңес беру қызметін көрсету; сапа менеджменті мәселелері бойынша ПМПИ-дің профессор-оқытушылар құрамын оқыту, біліктіліктерін арттыру және кеңес беру;
-
- жұмыс үдерістерін ретке келтіру, олардың сапасының параметрлері мен сипаттамасы, өлшеу әдістері жөнінде ПМПИ-дің сапа саласындағы саясаты мен мақсаттарын іске асыру кезеңінде ақпараттарды жинауға құрылымдық бөлімшелердің басшыларына қажетті көмек көрсету;
-
- жоо-да институционалдық аккредиттеуді және ПМПИ-дің білім беру бағдарламасын аккредиттеуді қостау және ұйымдастыру болып табылады.
Бөлім басшысы— Татьяна Анатольевна Колосова.
E-mail: KolosovaTA@ppi.kz
Білімі: Павлодар индустриалды институты, біліктілігі – инженер-механик; Павлодар мемлекеттік педагогикалық институты, біліктілігі – педагогика және психология пәндерінің оқытушысы.
Біліктілігін арттыру жөніндегі сертификаттар:
-
«Институционалдық аккредиттеуді өткізуге дайындық», ASTANA GARANT CONSULTING (2010);
-
«Сапа менеджменті жүйесінің ішкі аудиторы», ASTANA GARANT CONSULTING (2009);
-
«Болон үдерісі. Институционалдық аккредиттеу кезінде жоо-ның сыртқы бағалау рәсімдерін жүргізу» ҚР БжҒМ, Ұлттық аккредиттеу орталығы (2008);
-
«Инновациялық маркетинг: практикалық тәжірибе және қолдану», «Кәсіпкерлік пен инновацияларды дамыту орталығы» МҚК (2008);
-
«Сапа менеджменті жүйесін әзірлеу және енгізу. Ішкі аудитті ұйымдастыру», «Кәсіпкерлік пен инновацияларды дамыту орталығы» МҚК (2008);
-
«Білім, ғылым және денсаулық сақтау саласындағы инновациялық менеджмент» атты халықаралық ғылыми-практикалық семинар, ПМПИ (2009);
-
«Білім мен ғылым саласында сапаны басқарудың қазіргі заманғы көзқарастары» атты халықаралық ғылыми-әдістемелік семинар, ПМПИ (2010).
-
7 ғылыми басылымы бар; жоо-ның дамуына қосқан үлесі үшін Алғыс хаттармен марапатталған.
Байланыс тел.: 55-55-05, 55-27-98 (229), ommk@ppi.kz
Мекенжайы: Мир көшесі, 60, № 1 ғимарат, 107-ауд.