Кафедра иностранных языков
Кафедра бүгінБайғожина Жанар Манатбекқызы, кафедра меңгерушісі, педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент. Әлеуметтік педагогика саласының маманы, педагог-ғалым. 2005 жылы «Германиядағы әлеуметтік педагогиканы дайындаудың ерекшеліктері» атты тақырып бойынша Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеттің диссертациялық кеңесінде диссертациясын қорғаған. Әл-фараби атындағы Қазақ ұлттық университетке бірнеше рет диссертациялардың оппоненті ретінде шақырылған. 1992 жылы Алматы педагогикақыл шет тілдер институтын «шет тілі: екі шет тілі(неміс тілі)» мамандығы бойынша бітірген. 20-дан астам оқу-әдістемелік, ғылыми еңбектері бар. Ақылбекова Әдемау Кайыргелдіқызы, аға оқытушы, филология магистірі. «Базалық шет тілі», «Неміс тілінің тәжірибелік грамматикасы» пәндері бойынша сабақтар өткізеді. Ғылыми құштарлық саласы: шет тілі оқыту әдістемесі. Келесі ғылыми-әдістемелік басылымдары бар: «Концептуалдық метафораның теориясы туралы мәселелер», «Неміс тіліндегі метафораның және оның орыс тіліндегі баламаларымен салыстырмалы талдауы», «Студенттерді шет тіліне оқытуда грамматикалық дағдыны қалыптастыруындағы ойын элементтерін қолдануы». Алимова Шолпан Жанболатқызы, филология магистірі, аға оқытушы. 2006 жылы «Мәдениаралық қарым-қатынастағы коммуникативтік бөгет» атты тақырып бойынша магистірлік диссертациясын қорғады. ПМПИ-дің сырттай аспирантурасында оқыған (ғылыми жетекшісі - филол.ғ.д., профессор Темірғазина З.Қ.) кандидаттық диссертациясының тақырыбы «Спорттық репортаждардағы баға беру айтылымдардың орны мен рөлі». «АҚШ пен Ұлыбританияның елтанымы» бойынша курстар оқып, TOEFL -ға дайындық стратегиясы, ауызша және жазбаша тілінің тәжірибесінен сабақтар жүргізеді. 2005 жылы Павлодар мемлекеттік педагогикалық институты бітірген. Ахметова Айгүл Болатқызы, филология магистірі, аға оқытушы. 2005 Алматы «Қайнар» университеттін бітіріп, 2006 жылы Павлодар мемлекетік педагогикалық институтта «Қазақ, ағылшын, орыс тілдеріндегі келер шақтың берілу тәсілдері» атты тақырып бойынша магистірлік диссертациясын қорғады. 2006-2009 жылдарында ПМПИ сырттай аспирантурасында оқиды. «Ағылшын тілдіндегі метафоралардың қайнар көзі ретіндегі «теңіз» атты когнитивтік білімдер саласы» тақырып бойынша қандидаттық диссертация жазу үстінде (ғылыми жетекшісі - филол.ғ.д., профессор Темірғазина З.Қ.). Ауызша және жазбаша тілінің тәжірибесі, аударманың теориясы мен тәжіририбесі, тәжірибелік фонетика, тәжірибелік грамматика, жазу арқылы сыни ойлау пәндері бойынша сабақтар жүргізеді. 17-шақты ғылыми-әдістемелік еңбектері бар. 2010 жылы ағылшын тілін оқитын қазақ бөлімдерінің студенттеріне арналған "Аударма теориясы мен практиканың негіздері"(қазақ және ағылшын тілдерінде) атты оқу құралы баспадан жарық көрді. Әбілдинова Жанар Берікқызы, филология ғылымдарының кандидаты, шет тілдер кафедрасының неміс тілінен аға оқутышысы. Жанзакова Гульмира Зинатаевна, аға оқытушы. Білімі – Павлодар педагогикалық институты, 1994, Казақ заң гуманитарлық институты, Астана қ., 2008. Бұл e-mail спам-боттардан қорғалған, оны қарау үшін Сізде Javascript қосулы болуы керек Жмайло Татьяна Владимировна, аға оқытушы. «Арнайы мақсат тілі (С1 деңгейі)», «Базалық негізгі шет тілі (В2 деңгейі)», «Екінші шет тілі)», «Аналитикалық оқу», «Ауызша және жазбаша тілдер тәжірибесі», «Тәжірибелік грамматика», «Тәжірибелік фонетика», «Шет тілі бойынша практикумы», «Үйде оқу»- пәндер бойынша сабақтар жүргізеді. 2006 жылы Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтты «Шет тілдері: екі шет тілі (ағылшын)» мамандығы бойынша бітірген. Ғылыми құштарлық саласы: ағылшын тілінің оқыту әдістемесі. Жолдабаева Әлия Садуқызы, ағылшын тілінен аға оқутышысы Жұмакельдина Бағлан Қалымтайқызы, шет тілдер кафедоасының аға оқытушысы педагогика магистірі. 1998 жылы С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетті «Неміс тілі» мамандығы бойынша бітіріп, «Неміс тілі мұғалімі» кәсіби дәрежесін алды. 2005 жылы «Шет тіліне оқыту кезінде тұлғаның шығармашылық қабілеттерін дамыту» атты бойынша магистерлік диссертация қорғады. Ғылыми құштарлық салалары: неміс тілінің оқыту әдістемесі, педагогика, мәдениаралық қарым-қатынас. 20 астам ғылыми-әдістемелік еңбектері бар. Карімова Әссел Орынбайқызы, филология магистірі, аға оқытушы. 2006 жылы «Қазақ, ағылшын тілдеріндегі «фитоним» компоненті мен фразеологиялық айналымдардағы метафоралар - (Ілияс Есенберлиннің «Көшпенділер» шығармасы мен оның ағылшын тіліне аудармасы негізінде)» атты тақырып бойынша магистірлік диссертация қорғады. ПМПИ-ның сырттай аспираттурасында оқиды (ғылыми жетекшісі - филол.ғ.д., профессор Темірғазина З.Қ.), диссертациялық зерттеудің тақырыбы: «Қазақ, орыс американдықтардың әлем көрінісіндегі «байлық»/»кедейшілік» ұғымдары туралы лингвомәдени елестер». «Ағылшын тілінің фразеологиясы», «көркем мәтіннің интерпретациясы» курстары бойынша дәрістер оқиды, ауызша және жазбаша тілдерінің тәжірибелік сабақтарын жүргізеді. 2005 жылы Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтты бітірген. Ғылыми құштарлық салалары: лингвомәдениеттану, фразеология, когнитивтік тіл білімі. Кашапова Татьяна Николаевна, филология факультетінің шет тілдер кафедрасының аға оқытушысы. 2003 жылы «ACCELS» атты Америка-қазақстандық байқауының ұлттық жүлдегері болып, АҚШ-тың Оңтүстік Каролина штатының университеті негізінде кәсіптік шеберлігін арттыру мақсатымен екі айлық курстан өтті. АҚШ-тағы халықаралық конференцияға қатысып, сол жерде «Лексиканы оқыту тәсілдері» тақырыбы бойынша мұғалімдерге арналған семинар өткізді. Еуропа мен Азия мұғалімдеріне ашықсабақтар берді. Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігінің грамотасы мен Оңтүстік Каролина университеті сертификатының иегері. 2004 жылдың маусым айында Қырғызстандағы «Ағылшын тіліне оқыту арқылы толерант пен академиялық адалдылықты қамтамасыз ету» тақырыбы бойынша САТЕС ағылшын тілі оқытушыларының, 2005 ж. Өзбекістандағы (Ташкент қ-сы) «Ағылшын тіліне оқыту арқылы толерант пен академиялық адалдылықты қамтамасыз ету» атты халықаралық конференцияларына және де т.б. қатысты. Ғылыми құштарлық салалары: шет тілдердің оқыту әдістемесі, қолданбалы тіл білімі, педагогика мен мәдениаралық қарым-қатынас. 25-тен астам ғылыми-әдістемелік еңбектері бар. «Шет тілдеріне оқыту әдістемесі» мен «Қазақстан мектептеріндегі шетел тілдері»» атты қазақ басылымдарында жарияланады. Педагогикалық еңбек – 27 жыл. Күлбаева Бағлан Тасболатқызы, филология ғылымдарының кандидаты, шет тілдер кафедрасының доцентi. Лақова Әссел Асқарқызы, филология магистірі, аға оқытушы. 2006 жылы «Орыс және ағылшын лингвомәдениетіндегі лакунарлық концептер» атты тақырып бойынша магистірлік диссертациясын қорғады. ПМПИ-дің сырттай аспирантурасында оқиды (ғылыми жетекшісі - филол.ғ.д., профессор Темірғазина З.Қ.). «Ағылшын тілінің стилистикасы», «Ұлыбританияның лингвоелтануы», «TOEFL -ға дайындық стратегиясы» пәндері бойынша дәрістер курсын оқиды. Ауызша және жазбаша тілдер тәжірибесінен сабақтар жүргізеді. 2005 жылы Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтын бітірген. Муллагаянова Гульфия Сейтшарифовна, шет тілдер кафедасының доценті, 1999 жылы Павлодар мемлекеттік университетті «Ағылшын тілі» мамандығы бойынша бітіріп, «Ағылшын тілі мұғалімі» кәсіби дәрежесін алды. 2004 жылы «Орыс, ағылшын тілдік әлем көріністеріндегі ««Бақыт», «бақ», «табыс» концептілері» атты бойынша магистерлік диссертация қорғады. 2010 жылы «Тілдік қатынас сәтіндегі сөйлеушінің эмоциялық қалпының экспликациясы (татар, орыс пен ағылшын тілдерінің материалдары негізінде) атты тақырып бойынша кандидаттық диссертацияны Ресейдің Тобыл қаласында ойдағыдай қорғап шықты. Ғылыми құштарлық салалары: лингвомәдениеттану, салғастырмалы-салыстырмалы, прагматикалық тіл білімі. «Ағылшын тілінің теоретикалық грамматикасы» курсы бойынша дәрістер оқиды, іскери тілі, арнайы мен академиялық мақсат тілдері, видео арқылы сыни ойлауды жетілдіру бойынша сабақтар жүргізеді. Ныгметова Бибігүл Жамбылқызы, филология ғылымдарының кандидаты, филология магистрі, доцент - 2001, 2007 жж. Германияда тілдік кәсіби деңгейін жоғарлатуынан өткен. 2005 ж. «Орыс және неміс тілдік әлем көріністеріндегі ұлттық әлем өлшемдерінің ерекшеліктері» атты тақырып бойынша магистрлік диссертация қорғады. 2010 жылы Л.Н. Гумилев атындағы Еуразиялық Ұлттық университетте «Орыс, неміс тілдеріндегі метеорологиялық метафора (ауа-райы болжамы материалдары негізінде)» атты тақырып бойынша кандидаттық диссертация қорғады. Ғылыми салалар құштарлығыҒ салыстырмалы тіол білімі, когнитивтік лингвистика, мәдениаралық қарым-қатынас. 25-тен астам ғылыми-әдістемелік еңбектері бар. Огузбаев Аслан Ермекұлы, оқытушы. Рамазанова Мейрамгүл Абайқызы, шет тілдер кафедоасының аға оқытушысы, социология, магистірі. Павлодар педагогикалық институтты бітірген. Ғылыми өтілі 10 жылдан астам, 20 шақты ғылыми басылымдары бар. Қазіргі кезде: «Теоретикалық фонетика (неміс тілінде)», «Арнайы мақсат тілі», «Екінші шет тілі», «Тәжірибелік грамматика», «Бастауыш мектептердегі шет тіліне оқытудың теориясы мен технологиялары» пәндері бойынша дәрістер оқиды. Германияда бірнеше рет кәсіби деңгейін жоғарлатудан өткен, GIZ, Гете-Институтындағы семинарларға жиі қатысып, ылғи өзінің кәсіптік деңгейін көтерцге тырысады. Сауырбаев Ришат Жүркенұлы, филология ғылымдарының кандидаты, доцент, ағылшын тілінің теоретикалық грамматикасы мен синтаксистік типология салаларының маманы. В.И. Ленин атындағы Мәскеу педагогикалық мемлекеттік университетте атақты Ресей германист-ғалым, филология ғылымдарының докторы, профессор М.Я. Блохтың аспирантурасынан өткен. «Қазіргі ағылшын тіліндегі күрделенген сөйлемдер принципі» атты докторлық диссертация бойынша жұмыс атқарап жүр. 1985 жылы Павлодар педогогикалық институттың шет тілдер факультетін бітірген. Оның жетекшілігімен 20 магистрлік диссертациялар қорғалды. 100-ден астам ғылыми-әдістемелік еңбектердің авторы. Смағұлова Әссел Бисембайқызы, аға оқытушы. «Арнайы мақсат тілі (С1 деңгейі)», «Арнайы мақсат тілі (негізгі С1-С2 деңгейлері)», «Шет тілі (екінші)», «Аналитиқалық оқу», «Көркем мәтіннің интерпретациясы», «ШТ оқытудың арнайы-бағыттық әдістемесі», «Қоғамдық-саяси лексика» пәндері бойынша сабақ тар жүргізеді. 2006 жылы Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтты «Шет тілдері: екі шет тілі (ағылшын)» мамандығы бойынша бітірген. Ғылыми құштарлық саласы: ағылшын тілінің оқыту әдістемесі. Степанова Надежда Михайловна, ПМПИ доценті. «Неміс тілінің лексикологиясы», «Неміс тілінің стилистикасы», «Неміс тілінің фразеологиясы» атты курстар бойынша дәрістер оқиды. «Арнайы мақсат тілі», «Академиялық мақсат тілі», «Көркем мәтіннің интерпретациясы», «Екінші шет тілі» пәндер бойынша тәжірибелік сабақтар өткізеді. Челябинск мемлекеттік педагогикалық институтты «Неміс және ағылшын тілі» мамандығы бойынша бітірген. ФРГ-де бірнеше рет кәсіби тілдік деңгейін жоғарла тудан өткен. ДААД, Гете институты, ГИЦ-орталығындағы кәсіби деңгейін жоғарлату семинарларына белсене үздіксіз қатысады.30-дан астам ғылыми жарияланымдары бар. Широкова Жанна Константиновна — филология факультетінің шет тілдер кафедрасының аға оқытушысы. «Ағылшын тілі лексикологиясы», «Тілдерін оқитын елдерінің әдебиеті» пәндер бойынша дәрістер оқып, үйде оқу, жазба арқылы сыни ойлауды дамыту, іскери ағылшын тілі, ағылшын тілінің ауызша мен жазбаша тілдер түрі пәндерінен тәжірибелік сабақтар өткізеді. Жыл сайын халықаралық, аймақтық конференцияларға қатысып, мақалалар жазып, баяндамалар жасайды. Жоғары оқу орнының басқарма тарапынан грамота мен алғыс хаттармен марапатталған. «Ағылшын тілінің этимологиясы» атты ғылыми үйірменің жетекшісі. Ғылыми құштарлық салалары: қолданбалы тіл білімі, лингвомәдениетану мен мәдениаралық қарым-қатынас. ПМПИ мен ИнЕУ-дің ғылыми ізденушісі болған. 15 тен астам ғылыми-әдістемелік еңбектері бар. «Қазақстанның педагогикалық хабаршысы» атты журналы, халықаралық пен аймақтық ғылыми-практикалық конференциялар жинақтарында жарияланымдары бар. Педагогикалық ғылыми жұмыс өтілі-10 жыл. Шоманова Гульнәр Қайроллақызы, аға оқытушы.
Кафедраның қосымша-техникалық жұмысшылары: лаборант: Омарова Шолпан Хамитқызы лаборант: Кожикова Әсем Ахметуллайқызы |
|
|