Перейти к содержимому страницы.

«Көкжиек» байқауының зияткерлері

07.04.2017

Студенттер ғылымы күні шеңберінде география және химия кафедрасында география мамандығының 1-4 курс студенттерінің қатысуымен жылда өтетін дәстүрге айналған  «Горизонт» зияткерлік байқау өтті. Іс-шараны ұйымдастырған аға оқытушы Л.Б.Суворова жетекшілік еткен ГШ-32 тобы.

Осы жылы байқау «Қазақстан саяхатшының көзімен» тақырыбында біздің  елімізде болатын Expo-2017 халықаралық көрмесіне арналды. Іс-шара  «Амандасу», «Фортуна дөңгелегі», «Маңдайда жазылған», «Менің  өлкемнің қалалары», «Welcome to Kazakhstan» сынды әр-түрлі байқаулар түрінде өтті. Мұнда қатысушылар Отан жайлы білімдері мен ой өрістерін, саяхаттау бағдарын жобалау және ұсынуда креативті өзгеше ойлау қабілетін көрсетіп,  байқаудан  тамаша әсер алды.   

Шара соңында барлық қатысушылар дипломмен және сыйлықтармен марапатталды, ал «Ең үздік капитан», «Ең ғұлама», «Ең креативті» номинациясына үміткерлер тәтті сыйларға ие болды.

">