Перейти к содержимому страницы.

«Тіл білгірі»

17.03.2017

Жақында педагогика және спорт факультетінің тәрбие жұмысы айылығы шеңберінде педагогика кафедрасының кураторлары Тәженова Г.Б., Байсейітова Ж.Б., Шавалиева З.Ш. мен 1-2 топ студенттері «Тіл білгірі» атты сайыс ұйымдастырды.  

Сайыстың мақсаты: тілге деген сүйіспеншілігін, қызығушылығын  дамыту, тіл мәдениетінде, достық қарым-қатынасқа, ой ұшқырлығы мен тапқырлыққа, өз ұлтын сүюге, басқа ұлтын құрметтеуге тәрбиелеу.

Өткізу түрі – интеллектуалды квест. Сайыста «Мектепке дейінгі білім және тәрбие», «Педагогика және бастауыш оқыту әдістемесі», «Педагогика және психология», «Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану», «Биология», «География», «Химия» мамандықтарының командалары, сонымен қатар Қазақстан өзге ЖОО академиялық ұтқырлық бойынша келген студенттер тобы қатысты.

Сайыс ережесі бойынша әр команда бағдарлық картаға негізделген ПМПИ-дегі 5 ғимараттың әр қабатта орналасқан 8 локация бойынша 8 кезеңнен өтуге тиіс болды.

Тапсырмалары әр түрлі болды: өзге шет тілдерден қазақ тіліне аударып ребусты, сөзжұмбақ шешу, бейнероликте кілтті сөз және Азбука Морзе арқылы сөздерді табу. Ізденіс барысында әр командада халық тәрбиесінің ерекшеліктерін сипаттайтын сөз бен сөз тіркестері шығуы керек болған еді.

Соңғы ең қиын және қызықты кезенде командалар халық әнін, оның шығу тарихын ұсынды. Оған қоса, жанкүйерлердің санына қарай қосымша балл берілді.

Үздік нәтижелерді Мектепке дейінгі білім және тәрбие мамандығының «Дружба», Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану мамандығының «Болашақ» командалары көрсетті.

Студентердің пікірі бойынша бұл сайыс қызықты, пайдалы әрі бір-бірімізге басқа қырынан қарауға мүмкіндік берді.

">