Перейти к содержимому страницы.

Болашақ психологтар олимпиадасы

03.04.2017

29-30 наурыз күндері әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде психология пәні бойынша студенттер олимпиадасы өтті. ПМПИ студенттерінің командасы бұл олимпиадада  3-жүлделі орынға ие болды. Онда Қазақстанның  15 командасы қатысты. Биыл олимпиада «Жастардың денсаулығын сақтау, тәрбиелеу және оқытудың психологиялық технологиясы» тақырыбына арналды. Жарияланған тақырыпқа қатысушы командалар өздерінің бірегей жобаларын дайындады. ПМПИ командасының құрамына  педагогика және спорт факультетінің студенттері Денис Галигузов, Любовь Сурмий, Сара Жылқайдарова кірді. Оларды кафедраның аға оқытушылары Г.Т.Топанова мен Г.С.Аяпбергенова дайындады. Студенттер «Интернет желісіндегі психологиялық тәуелсіздік мәселесі» атты жоба ұсынды. Олимпиада 2 кезеңнен тұрды. Біріншісі жазба түрде тест-тапсырма орындау, екінші кезеңде ғылыми-жобаны  қорғау болды. Жобаны ПМПИ атынан Любовь Сурмий қорғап шықты.   

">