Перейти к содержимому страницы.

«Үлкен Алтай мен Қазақстан аймақтары этномәдениетінің дамуына білім беруді біріктіру» халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы

02.05.2017

2017 жылдың 28 сәуірінде  Павлодар мемелекеттік педагогикалық институтының 55 жылдығы және Алтай өлкесінің  80 жылдығын мерекелеуге орайластырған «Үлкен Алтай мен Қазақстан Аймақтары этномәдениетінің дамуына білім беруді біріктіру» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өз жұмысын бастады.  Конференцияға Алтай мемлекеттік педагогикалық университетінің ректоры, педагогика ғылымдарының докторы, профессор  И.Р.Лазаренко, Ховда мемлекеттік университеті (Монғол респубуликасы) Баян-Өлгей аймағындағы филиал директоры, PhD докторы  Гаура Сәбихан келді. Конференция басталмас бұрын ПМПИ ректоры Алтынбек Нухұлы және қонақтар қазақтың көрнекті ағартушылары М.Шорманов пен А.Сатпаев кеуітіне гүл шоқтарын қойды. Содан кейін ПМПИ-ң бас ғимаратының үлкен залында пленарлық мәжілісі Алтынбек Нухұлының алғысөзі мен серіктестік меморандумына қол қою рәсімінен басталды. ПМПИ ректоры және конференцияны ұйымдастыру комитетінің төрағасы Алтынбек Нұхұлының алғысөзінен кейін Алтай мемелекеттік педагогикалдық университетінің ректоры И.Р.Лазаренко «Жоғары педагогикалық білімнің дамуы Үлкен Алтай аймағында мәдениаралық  қарым қатынастың  жүзеге асуының механизмі» атты баяндама жасады. Келесі баяндаманы Ховда мемлекеттік университетінің Баян-Өлгей аймағындағы  филиалының директоры PhD докторы Гаура Сәбиханқызы «Қазақ-Моңғол тілдеріндегі тұрақты сөз тіркестер және олардағы логикалық байланыс» тақырыбында жасады. Сонымен қатар «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығының өкілі, тарих ғылымдарының кандидаты Болат Құдайбергенұлы  ««Мәңгілік Ел»  жалпыұлттық идея аясында тәрбие берудің аспектілері» атты, ҚР Ұлттық музейінің ғалым хатшысы, т.ғ.к. З.Қ.Сұрағанова, ПМПИ Қазақстан және шетелдер тарихы  кафедрасының профессоры , тарих ғылымдарының докторы Г.Е.Өтепова аталмыш тақырыптарда баяндама жасады. Алыс, жақын шетелден келген қонақтар ПМПИ ректорына түрлі естелік сыйлықтарын табыстады. Ал Алтай өлкесі Благовещенск ауданы Байғамыт ауылындағы жалғыз қазақ мектебінің директоры С.Ш.Маусымбаев екі тілде шебер сөйлеп, қара өлеңмен қарқ  қылып мәжіліс залын дүр сілкіндірді. Күннің екінші жартысы 8 секциядан тұратын мәжіліс отырысымен толықты. Онда «Жоғары мектеп қызметі аймақтың этномәдениетінің дамуының айғағы» тақырыбынан басталып «Үлкен Алтай мен Қазақстан аймақтарындағы экология және туризм»  сабағымен аяқталды. Осындай үлкен кездесудің сәттілігін тағы бір айқындататын маңызды шаруа академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша ПМПИ және Ховда мемлекеттік университетінің Баян-Өлгей аймағындағы филиалы  қос диплом шартын талқылап, барлық түйткүл мәселелерді шешіп, екі жақтың мүмкіншіліктерін егжей-тегжейлі қарастыра отырып ортақ мәмлеге келді. Бастапқыда екі бөлімге (қазақ тілі мен әдебиеті және музыка) әрқайсысына  бес студенттен алмастыру жоспарланды.  Конференцияның  соңы екі жоғары оқу орнының ректорларының қос диплом келісімшартына қол  қоюымен тәмамдалды деуге болады. 

">