Перейти к содержимому страницы.

«Арнайы білім беру мекемелері жағдайында білім беру мазмұнының жаңаруы: мәселелері, шешу жолдары»

05.03.2018

«Есту және сөйлеу қабілеті бұзылған балаларға арналған №1 арнайы жалпы білім беретін мектеп-интернаты» ММ-де «Арнайы білім беру мекемелері жағдайында білім беру мазмұнының жаңаруы: мәселелері, шешу жолдары» тақырыбындағы Республикалық дөңгелек үстелі өтті.

Іс-шараға анатомия, физиология және дефектология кафедрасының меңгерушісі Тәттігүл Кенжебаева, анатомия, физиология және дефектология кафедрасының доценті Бахытжамал Габдулхаева, аға оқытушы Асем Ахметова қатысты. Мектептегі білім беру мазмұнының жаңаруын есепке алып, аталған мекеменің мұғалімдері оқытудың әдістерін жетілдіру мақсатында мастер-класстар көрсетті.

Дөңгелек үстел қатысушыларының алдында Павлодар облысы бойынша Білім және ғылым саласындағы бақылау Департаментінің сыртқы бағалау бөлімінің басшысы, Семей, Петропавл, Өскемен, Ақтөбе, Зыряновск, Орал қалалары арнайы мекемелерінің басшылары сөз сөйледі.

Арнайы білім беру мекемелері жағдайында білім беру мазмұнының жаңаруы сөз етілді, содан кейін арнайы білім беру мекемелерінің мамандарымен арнайы білім беру мекемелеріне білім беру мазмұнының жаңаруын енгізу бойынша ұсыныстар айтылды. Соңында қатысушыларға сертификаттар берілді.

">