Перейти к содержимому страницы.

«Инновационные подходы в лингводидактике: проблемы, перспективы, обмен опытом» халықаралық ғылыми-әдістемелік семинар

26.10.2017

2017 жылғы 2-4 қараша аралығында Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтында орыс тілі және әдебиеті пәндерінің оқытушылары мен мұғалімдерге арналған «Инновационные подходы в лингводидактике: проблемы, перспективы, обмен опытом» халықаралық ғылыми-әдістемелік семинар өтті.

Аталған шараны ПМПИ серіктесі болып табылатын И.Н.Ульянов атындағы Чуваш мемлекеттік университеті (Ресей, Чуваш республикасы, Чебоксары қаласы) өткізді.

Ресей Федерациясының Білім және ғылым министрлігінің қаржылық қолдауымен өткізіліп жатқан шара бағдарламасына Павлодар пединституттың әріптестерімен бірлесіп Чуваш мемлекеттік университетінің филолог-оқытушылары өткізетін шеберлік сабақтар және дәрістер, Чуваш республикасының халық әртісінің Августа Уляндинаның концерті кіреді.

Семинар Ресей мен Қазақстанның мәдениаралық қатынасты нығайтады, екі ел оқытушыларының оқыту саласында тиімді әдістерді пайдаланудың тәжірибесімен алмасуға мүмкіндік береді.

Семинар бағдарламасы және синарға қатысу шарттары және тіркеу парағы http://www.chuvsu.ru/seminar-kz сайтында орналасқан.