Перейти к содержимому страницы.

«Отан» тарихи-өлкетану ғылыми үйірмесінің отырысы

09.09.2017

2017 жылдың 9 қыркүйегінде тарих және Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедарсында «Отан» тарихи-өлкетану ғылыми үйірмесінің отырысы өткізілді. Жоғары курс студентетрімен қатар «Тарих» мамандығының қазақ және орыс топтарында оқитын бірінші курс студенттері де қатысты.

Үйірме жетекшісі – философия докторы (PhD), кафедра доценті Айгүл Маратқызы Садыкова бірінші курс студенттерін үйірменің негізгі жұмыс бағыттарымен таныстырып, институтта өткізілетін әр түрлі ғылыми шаралар туралы хабардар етті. Сонымен бірге ғылыми жұмыстың мүмкіндіктері мен болашағы туралы түсіндірді. Бірінші курс студенттері үйірме жұмысына қызығушылық танытып, ғылыми-зерттеуге ниет білдірді.

">