Перейти к содержимому страницы.

«Ғылым және Білім – 2017»

17.04.2017

2017 жылы 14 сәуір күні Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде (Астана қ.) студенттер мен жас ғалымдардың «Ғылым және Білім – 2017» XII Халықаралық ғылыми конференциясы өткізілді.

Аталған конференцияның «Тарих, археология және этнология» секциясының жұмысына Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтының филология және тарих факультеті «Тарих» мамандығының МТ-11 топ студенті Нурсулу Жумакулова «Қазақстан және Алтай жеріндегі қола дәуірі құрылыс индустриясы» атты баяндамамен қатысты. Ғылыми жетекші – «Қазақстан және шет елдер тарихы» кафедрасының доценті, тарих ғылымдарының кандидаты А.М. Сыздыкова.

Конференция қорытындысы бойынша Н. Жумакулова Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-нің ректоры Е.Б. Сыдықовтың атынан алғыс хатпен марапатталды.

">