Перейти к содержимому страницы.

Қалалық спорттық бағдарлау

11.04.2018

Павлодар қаласы Зеленстрой орман жолағында қалалық спорттық бағдарлау сайысы өтті. Ұйымдастырушысы – «Балалар-жасөспірімдер экология және туризм орталығы» МКҚК. Жарысқа мектеп пен колледж, ПМПУ «География» және «Дене шынықтыру және спорт» мамандығының 1-3 курс студенттері қатысты.

Шараның басты мақсаты – оқушылар мен студенттер арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру және тапқырлықты дамыту. Осы жарыстардың арқасында мектеп оқушылары мен студенттер арасында нағыз спортшылар анықталды. Студенттер алғыстарын М.К.Сырлыбаевқа, А.К.Елемесовке білдіруде.

">