Перейти к содержимому страницы.

Қазақ тілі пәні бойынша 5-8 сынып оқушылары арасында өткізілетін интернет (онлайн) олимпиада

09.04.2018

ОЛИМПИАДА ЕРЕЖЕСІ

Павлодар мемлекеттік педагогикалық университеті Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасы 2018 жылғы сәуірдің 09-21-і аралығында Павлодар облыстық мектептерінің 5-8-сынып оқушылары арасында «Қазақ тілі» пәні бойынша интернет (онлайн) олимпиада өткізеді.

Олимпиада тапсырмалары үш түрлі бағытта жасалды:

  • 5-8 сыныптардағы қазақ тілі грамматикасы бойынша тест сұрақтары;
  • сәйкестендіру тапсырмалары;
  • оқу сауаттылығы: берілген мәтінді оқып, түсіну және интерпретациялауға арналған сұрақтар.

Олимпиада Павлодар мемлекеттік педагогикалық университетінің сайтында (www.ppi.kz) өтеді.

Олимпиадаға облысымыздың барлық 5-8-сынып оқушылары қатыса алады, ол үшін Павлодар мемлекеттік педагогикалық университетінің сайтына кірген соң, «Қазақ тілі пәні бойынша 5-8 сынып оқушылары арасында өткізілетін интернет (онлайн) олимпиада» сілтемесіне өтіп, тіркелу формасында қатысушы жайлы мәліметтерді (толық аты-жөні, оқитын мектептің толық атауы, сыныбы) толық енгізу керек. Қатысушы өзі жайлы мәліметті енгізіп, тіркелген соң, олимпиада тапсырмалары қолжетімді болады.

Олимпиада нәтижесінде жоғары ұпай жинаған қатысушылар Павлодар мемлекеттік педагогикалық университеті тарапынан 3 дәрежелі дипломмен марапатталады. Олимпиада қорытындысы сәуір айының соңында Павлодар мемлекеттік педагогикалық университетінің сайтында (www.ppi.kz) жарияланады.

ОЛИМПИАДА

">