Перейти к содержимому страницы.

ҚР ұлттық экономика министріне ПМПУ стартапшылары өз жобаларын таныстырды

23.02.2018

Жастар бастамаларын қолдау орталығында ұлттық экономика министріне стартап жобаларын құрастырушыларымен кездесу өтті. Кездесуде 30-дан астам кәсіпкерлікке қызығушылық білдіре бастаған жастар өз жобаларын таныстырды. Ерекше ықыласқа бөлінгендердің қатарында біздің студенттердің жобалары болды: құс шаруашылығын дамыту жобасымен Мадина Ануарбекова, мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған пернетақтаны пайдалану бойынша «Easy keyboard» жобасымен Ханзада Молдабекова.

">