Перейти к содержимому страницы.

Біз университет атандық!

27.12.2017

Оқу ордамыздың университет атануы – қызметкерлер мен студенттер үшін болашақта жаңа жетістіктерге жетудің жолдарын одан әрі ашады. Осыдан бастап Павлодар мемлекеттік педагогикалық институты Павлодар мемлекеттік педагогикалық университеті атанды.

Оқу кеңесінің кеңейтілген отырысында ЖОО ректоры Алтынбек Нухұлы Үкімет Қаулысымен Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтының Павлодар мемлекеттік педагогикалық университеті атанғанын  хабарлады.

- Осы жылдар аралығында аянбай еңбек еткен біздің оқу ордамыз үшін бұл ұзақ күткен және баға жетпес марапат. Бұл мәртебе үлкен мүмкіндіктерге жол ашады. Алдағы уақытта магистратура және докторантураның бірнеше мамандықтарын ашамыз. Бізге көмек көрсетіп, сенім білдірген адамдарды Жаңа жыл қарсаңында осындай оқиғаның орын алуымен құттықтағым келеді, - деді университет ректоры.

Павлодар педагогикалық институты (ППИ) 1962 жылдың 1 желтоқсанында ашылған еді. Жартыжылдық тарихында ЖОО баға жетпес мамандарды даярлап, педагогтарды дайындау саласында облыс көшбасшысы атанды.

Уақытпен тексерілген сапалы оқыту дәстүрі алдағы уақытта еліміздің бәсекеге қабілетті  болашақ мамандарды даярлауға мүмкіндік береді.

">