Перейти к содержимому страницы.

Дұрыс таңдау жасалды!

01.11.2017

Оқушыларға мамандықтаңдау мәселесінде көмек көрсетіп, өз мүмкіндіктерін дұрыс пайдалануда бағыт беру үшін мектепке дейінгі және бастауыш білім беру кафедрасының оқытушылары №34 мектеп оқушыларына кәсіби бағдар беру жұмыстарын өткізді. География және химия кафедрасының оқытушысы, химия магистрі Рахила Сеитова оқушыларды институт тарихымен таныстырып, ПМПИ-дегі оқудың ерекшелігі мен ЖОО-ның негізгі мамандықтары туралы айтып берді. Ал математика және жаратылыстану факультеті география және химия кафедрасының 4 курс студенті Регина Акулова студенттік өмірдің қызығы және неге ПМПИ-ді таңдағаны туралы айтып берді. Тағы да ол өзі білім алып жүрген «Химия» мамандығына тоқталып кетті.

Кездесу барысында оқушылар заманауи зертханалардың бары және сабақтардың қалай өтетіндігі, ПМПИ бітіргеннен кейін қандай мүмкіндіктерге ие болатындары туралы ақпарат алды. Сұхбат өте қызу қарқында жүрді. Барлық ақпаратты тыңдаған оқушылар біздің оқу ордамызға түсудің ережелеріне және ЖОО студенттік күндерінің қалай өтетіндігіне қызығушылық танытты.

">