Перейти к содержимому страницы.

ПМПИ, туған күніңмен!

20.09.2016

2016 жылдың 19 қыркүйегінде оқытушылар, педагогикалық еңбектің ардагерлері, қызметкерлері мен студенттері, көптеген қонақтар Павлодар мемлекеттік педагогикалық институттың туған күнін алғаш рет атап өтті. Тап осы күні, яғни 1962 жылы Павлодар облысында жоғарғы оқу орны ашылған-ды. Міне, содан бері 55 жылдық тарихында институт сан алуан мұғалімдерді қанаттандырды.

Мерекелік жиынға Павлодар облысы әкімінің орынбасары Мейрам Бегентаев, облыстық білім қызметкерлері кәсіподағының төрайымы Гүлбарам Науразбаева, облыстық жастар саясаты жөніндегі басқарманың басшысы Наталья Нефёдова қатысты.

Павлодар мемлекеттік педагогикалық институты алдағы 2017  жылы өзінің 55 жылдық мерейтойын тойлайды. Осы уақыт ішінде өзіндік тарихы қалыптасып, тәжірибесі бай оқу ордасына айналды. ПМПИ ректорының міндетін атқарушы, профессор Алтынбек Нухулының мұрындық болуымен жоғарғы оқу орны 19 қыркүйекте туған күнін, яғни,  институт күні деп атап өтеді.

Туған күнінде институт түрлі сыйлыққа кенеледі. Елеулі сыйлық Ленин көшесі, 151 үйде болды. Бұл жерге ПМПИ-дің археологиялық, этнологиялық және палеонтологиялық зерттеулер орталығы қоныстанған болатын. Уақыт өте келе бұл орын тарихшы, шығыстанушы, белгілі ағартушы-археолог академик Әлкей Марғұлан атындағы аймақтық археологиялық орталық пен мұражайына айналады деп күтілуде. Қаланың ескі бөлігінде орналасқан бұл үй облыстық әкімшіліктің шешімімен еш қайтарусыз пайдалануға беріліп, оны көне тарихты суреттейтін мұражайға айналдыру керектігі міндеттелген. Салтанатты жиында облыс әкімінің орынбасары М.Бегентаев және ПМПИ ректорының міндетін атқарушы А.Нухулы археологтардың жаңа үйінің лентасын қиды.

Сонымен қатар, осы күні тағы бір атаулы оқиға орын алды. Жаңа Студенттер Үйінде орналасқан «Жастар алаңы» студенттік коворкинг-орталығы ашылды. Орталық «Білім және ғылым қызметкерлерінің Қазақстандағы салалық кәсіптік одағы Павлодар облыстық ұйымы» қоғамдық бірлестігімен бірлесе отырып ашылды. Коворкинг-орталықтың мақсаты – студенттердің әлеуметтік тұрғыда көтерген ұсыныстарын дамыту үшін алаңдар құрып, студенттік өмірді жақсарту үшін облыста әлеуметтік жобалар жасау, институт түлектерінің ішіндегі кәсіпкерлікпе айналысатындар мен студенттерге бірлесе отырып жұмыс жасауға оңтайлы жұмыс көздерін жасау. ПМПИ ректорының міндетін атқарушы Алтынбек Нухулы Павлодар облысының әкімі Болат Бақауовқа, оның орынбасары Мейрам Бегентаевқа және Гүлбарам Науразбаеваға  бұл игі бастаманы қолға алғандары үшін өз ризашлығын білдірді.

«Құрметті студенттер, - деді ол, - бүгін институт сендерге жан-жақты білім алу үшін толыққанды жағдай жасап отыр. Мен сендердің барлық мүмкіндікті қалт жібертпеуге, коворкинг-орталықтың жұмысына белсенді қатысуларыңызды назарда ұстаймын. Барлығы да өздеріңіздің қолдарыңызда, сіздер аянбасаңыздар, біз қолдаймыз».

Кіріспе сөз алған облыстық білім қызметкерлері кәсіподағының төрайымы Гүлбарам Науразбаева ПМПИ – құқықтыфлангілі жоғарғы оқу орны болса, Павлодар облысы – білім астанасы. Ол сондай-ақ, өз сөзінде екі бірдей орталықтың қатар ашылуы керемет, бірі бізді тарихқа сүйресе, енді бірі келешек ұрпақтың, белсенді жастардың аймағы болады.  

Бұдан кейін орталық салтанатты түрде ашылып, студенттік актив түрлі көшбасшылық сапаны дамытуға тренингтер өткізді.

Салтанатты шараға саналы ғұмырын ағартушылыққа арнаған Павлодар педагогикалық институтының алғашқы түлектері шақырылды. Олар – Миграш Смағұлұлы Сағидуллин, Валентина Сергеевна Шатун, Надежда Емельяновна Приходько. Бұлар педагогикалық қоғамның бетке ұстарлары. Олар өздерінің ізгі құттықтауларын жеткізіп, ардегерлерін ұмытпай, арнайы қонақ етіп шақырғандары үшін жоғары оқу орнының басшылығына алғыстарын білдірді.

Тағы бір айта кетер жайт, инситут күнінде студенттердің жатақханасының ауласында «I love PSPI» стелласы ашылды.  Стелла  ашық әрі биік болып көрінеді. Жасыл орнықтырғышта жазба ағылшын тілінде жазылып, «Мен ПМПИ-ді жақсы көремін» деп жазылған және үлкен жүрек бейнеленген. Жаңа фонның жанында қонақтар естелік суретке түсіп жатты.

Институттың туған күнін тойлаған барша халыққа мәдени концерттік бағдарлама тарту етілді. Студенттер ақындар айтысына қатысты. Футболдан жарыс өтіп, көңілді байқаулар ұйымдастырылды. Студенттер би кешіне барып, кеш отшашумен аяқталды.

 

">