Перейти к содержимому страницы.

Қазақстан Республикасы Парламенті мәжілісінің депутаттары ПМПИ-де

10.08.2016

2016 жылғы 10 тамызында жоғарғы оқу орындарын модернизациялау бағытында атқарылып жатқан шаралар мен жоғарғы оқу ордаларын коммерциялау заңының іске асу барысымен танысу мақсатында Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтына Қазақстан Республикасының мәжілісінің депутаттары Айзада Құрманова мен Айгүл Нұркина арнайы іссапармен келді

ПМПИ ректорының міндетін атқарушы Алтынбек Нухұлы алыстан ат терлетіп арнайы келген қонақтарға білім ошағының иновациялық-кәсіптік инфрақұрылымын таныстырды.

Сонымен бірге, делагация өкілдері ПМПИ-дің археологиялық-этнографиялық және палеонтологиялық зерттеулер ғылыми-практикалық орталығын да аралады.

Аталмыш орталықтың жетекшісі Тимур Смағұлов депутаттарға жоғары дәлдікті жерсеріктік позициялау және ұшқышсыз басқарылатын ұшу қондырғысы базасындағы қашықтықтан зондылау аэрофототүсіру кешенінің ғалымдарға үлкен мүмкіндіктер жол ашып отырғандығын жеткізді. Ресей елінен арнайы тапсырыспен алынған мұндай құрылғы әзірше ПМПИ-де ғана бар. Аппарат ертедегі ескерткіштерге биіктен бақылау және мониторинг жасауға, археологиялық қазба жұмыстарын документалды сүйемелдеуге ыңғайлы.

Шара барысында ҚР Парламенті мәжілісінің депутаты Айзада Құрманова ПМПИ археологтарының ашқан жаңалықтары тек қана қазақ еліне ғана емес, шетелге де таныс екендігін, сонымен бірге, бүгінгі күні ПМПИ археологтары облыстың брендіне айналғандығын жасырмады.  

Сондай-ақ, депутаттар танымал әлемдік өндірушілердің заманауи құрал-жабдықтарымен жабдықталған жоғары экологиялық қауіпсіздік талаптарына сай келетін биоценология және экологиялық зерттеулер зертханасының жұмысымен танысты. Аталмыш орталықтың ашылуы студенттердің оқу және зерттеу бағытында жұмыс жасауына жасалған қарышты қадамның бірі. Сонымен қатар, қонақтарға назарына ЖОО ғалымдары: профессор Б.К.Жұмабекованың «Табиғи штамм негізінде биологиялық белсенді микроағзалар ассоциациясын алу технологияларын құрастыру», техника ғылымдарының докторы Ж.К.Шоманованың «Ақсу ферроқорытпа зауытының өнеркәсіптік қалдықтары негізінде құрамында көмірсутегісі бар шикізаттарды терең өңдеуге арналған жаңа катализаторларды құрастыру», Г.К.Хамитов пен дарынды балаларға арналған №3 мектеп-гимназиясының биология пәнінің мұғалімі Т.И.Дягилеваның «Қазақ және орыс тілдерінде білім беретін мектептер үшін биология пәні бойынша ағылшын тіліндегі электрондық оқулықтарды әзірлеу», биология ғылымдарының кандидаты Д.В.Пономаревтің «Жоғары оқу орындары мен мектеп үшін микропрепарат жиынтығын алу және биология пәні бойынша көптілді оқу-әдістемелік кешен құрастыру және өндіру» секілді ғылыми жобалары ұсынылды.  

Депутаттар ПМПИ-дің ғылыми қызметін жоғары бағалап, ғылым шеңберіндегі  инновациялық-кәсіптік қызмет саласын одан әрі дамыта беруді ұсынды.

ПМПИ ректорының міндетін атқарушы Алтынбек Нухұлы ЖОО-ның алдағы уақыттағы негізгі стратегиялық даму бағыттары нақты көрсетілген «ПМПИ-дің 2016-2019 жылдарға арналған даму жоспарын» қонақтардың назарына ұсынды.

Бұған дейін аталмыш бағдарлама  оқу ордасының ғылыми кеңесінде кеңінен талқыланып, ұжымның келісіміне ие болған еді. Бұл жолы депутаттар да жобаға өздерінің оң бағаларын берді. ЖОО-ның жаңа бағдарламасының мазмұнды, әрі өзектілігін айтқан Айзада Құрманова мен Айгүл Нұркина ұжымға жобаны іске асыруда сәттілік тіледі.

Кездесу қорытындысында қонақтарға Павлодар облысының көрікті жерлері бейнеленген ескерткіш альбом берілді.

">