Перейти к содержимому страницы.

Е. Бекмаханов атындағы ғылыми кітапханада С.Торайғыровтың шығармашылығына арналған «Халқының дара туған перзентi» әдеби кеші өтті

02.11.2017

«Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы аясында Е.Бекмаханов атындағы ғылыми кітапханада танымал ақын С.Торайғыровтың шығармашылығына арналған «Халқының дара туған перзенті» әдеби кеші өтті.

Әдеби кеште «Қамар сұлу» романынан үзінді театр көрсетілімі ретінде өтті. Март Асылбектің, Тәжібай Жұлдыздың және Рамазан Бауржанның орындауында ақын шығармашылығынан үзінді оқылды.

Сонымен бірге «Қалалық және ауылдық ақынның жарысы» көрсетілімі МО-11 тобы Береке Дюсеновтың орындауында диалог түрінде көрсетілді. Т.Қайрат, А.Март, А.Туманбаева ақынның өлеңдерін оқыды. Осы шараға «Азаттықты аңсаған ақын» кітап көрмесі дайындалды. Аудиторияның назарына «Сұлтанмахмұт Торайғыровтың әдеби мұрасы» слайд-бағдарламасы көрсетілді.

Аталған кеште ЖОО оқытушысы, ПМПИ доценті, филология ғылымдарының кандидаты, қазақ тілі және әдебиеті кафедрасының меңгерушісі Аділбек Әміренов сөз сөйледі.

">