Елтаңба
Елтаңба элементтерінің сипаттамасы
Берілген логотипте білім ордасының графикалық түрі, күн, кітап, лавр жапырағы және астыңғы жиегінде қазақтың ұлттық оюы бейнеленген. Элементтер шеңбер ішінде орналасқан. Шеңбер мағынасы - тіршілік, шексіз өмір дегенді білдіреді. Қолданылған түстер: көк түс және оның түрлі реңкі, сары, сарғылт, қоңыр.
Логотип ортасында арайлы күн, күннiң астында білім ордасы (5 корпус) бейнеленген. Күн, арай және ою-өрнек — алтын түстi. Бiрыңғай көк-көгiлдiр түс төбедегi бұлтсыз ашық аспанның биiк күмбезiн елестетедi. Геральдика (гербтану) тiлiнде — көк түс және оның түрлi реңкi адалдық, сенiмдiлiк, үмiт сияқты адамгершiлiк қасиеттерге сай келедi. Ежелгi түркi тiлiнде “көк” сөзi аспан деген ұғымды бiлдiредi. Көк түс түркi халықтары үшiн қасиеттi ұғым. Нұрға малынған алтын күн тыныштық пен байлықты бейнелейдi. Күн – қозғалыс, даму, өсiп-өркендеудiң және өмiрдiң белгiсi.
Логотип астында кітап суреттелген және онда интситуттың ашылу жылы мен лавр жапырағы көрсетілген. Кітап білім бұлағы. Кітап білімнің қайнар көзі. Адамзат баласының қол жеткізген ұлы игіліктерінің бірі – білім қазынасына логотиптің қатысын көрсетеді. Лаврды мәңгі жасыл ағаш деп те атайды. Ол жеңістің, абырой мен даңқтың белгісі. Ежелде лавр жапырағынан гүлтәж жасап жеңімпазға сый ретінде табысталатын. Әрқашанда осы институтта басталған істеріңіз тек жеңіспен аяқталсын деген мағынада жасалған. Латын тілінде laureatus, яғни «лауреат» сөзінің мағынасы «жеңімпазды лаврмен құттықтау» дегенді білдіреді.
Шеңберді айналдыра IMPACT шрифтінде «Павлодар мемлекеттік педагогикалық институты» деп және астыңғы жағында орыс, ағылшын тілінде қысқартылып «ПМПИ, PSPI» деп жазылған.