Жалпы ақпарат Печать E-mail
09.07.2009 05:34

Павлодар мемлекеттік педагогикалық институты 1962 жылы ашылды. Жоғары оқу орны тарихи шежіреге бай, өзіндік дәстүрі қалыптасқан. Ең басты құндылығы – үздік педагог кадрлары. Осы жылдар ішінде 20 мыңнан астам маман даярланды. Олардың көбі - белгілі ғалымдар, ірі қоғам қайраткерлері, білім беру мекемелерінің басшылары және танымал педагогтар. Біздің жоғары оқу орнында оқытудың жетілдіру жүйесі қарқынды түрде жүргізілуде.

Қазіргі таңда институтта жақсы жабдықталған материалдық-техникалық база, зияткерлік ресурстар бар. Сондықтан біз заманауи және талапқа сай кадр болып шығарыңызға шынайы мүмкіндік жасаймыз.

Мұнда үздік отандық профессорлар және талапқа сай мамандар, халықаралық білім беру стандарттары және жігерлі жоғары білікті профессор-оқытушылар құрамы. Институтта білім берудің көп деңгейлі жүйесі: колледж, жоғары білім, екінші жоғары білім және магистратура. Оқыту күндізгі және сырттай бөлімдерде 6 факультетте жүзеге асырылады: жаратылыстану; тарих, экономика және құқық; дене тәрбиесі және спорт; филология; физика-математика және психология-педагогика факультеттерінде.

ПМПИ алыс-жақын шетелдердің білім беру мекемелерімен тұрақты және ауқымды халықаралық қатынас жасайды.

ПМПИ – қол жетерлік білім, жарқын болашақ!

ПМПИ – педагогикалық білім берудің, ғылым мен мәдениеттің ірі кешені. Білім берудің жоғары кәсіби 27 мамандығы бойынша мамандар даярлайды. Сондай-ақ Павлодар облысының мектептеріне жұмысқа орналасуға 100 пайыз кепілдік бар.

ПМПИ-де білім берудің көп деңгейлі жүйесі бар: колледж, бакалавр және магистратура.

ПМПИ білім беруді 6 факультетте мемлекеттік және орыс тілдерінде, күндізгі және сырттай оқыту бөлімдерінде жүзеге асырады: жаратылыстану; тарих, экономика және құқық; дене тәрбиесі және спорт; филология; физика-математика және психология-педагогика факультеттерінде.

ПМПИ-де 400-ден астам жоғары білікті оқытушы жұмыс істейді. Олардың 100-ден астамы – ғылым докторлары мен ғылым кандидаттары. Жоғары оқу орнының ғалымдары – кандидаттық және докторлық диссертациялар қорғайтын диссертациялық кеңестің мүшелері.

ПМПИ студенттері ПМПИ-дің ғылыми және білім беру жұмысының аясында ғылыми-зерттеу және қолданбалы қызметтеріне қатыса алады. Мұнда 8 ғылыми-зерттеу орталығы бар: социологиялық, биоценологиялық және жүйелі экологиялық зерттеу, археологиялық-этнографиялық зерттеу, тарихи зерттеу, химия және технология, тіл білімі.

ПМПИ – студенттер мен оқытушыларды алмасу, белсенді халықаралық қатынас жасау орталығы. Онда студенттер мен оқытушылар шетелдерде тіл білімін жетілдіреді, халықаралық білім берудің магистрлік бағдарламаларына қатысады, бірлескен мәдени – білім беру іс-шараларын өткізеді және жоғары оқу орындарының білім беру ісіне ғалымдарын жұмылдырады.

ПМПИ – оңтайлы «Электрондық жоғары оқу орны»; телекоммуникациялық желі, бейнеконференциялық байланыс, білім беру порталы, ғылыми кітапхананың электрондық каталогы.

ПМПИ – халықаралық білім беру стандарттарына сай оқыту-зертханалық база: жаратылыс ғылымы бағытындағы зертханалар, оқыту-ғылыми мұражай кешені, мультимедиалық кешен.

ПМПИ-де 500 мыңнан астам кітап қоры бар ғылыми кітапхана жұмыс істейді. Мұнда электронды каталог оқу әдебиеттерін іздеу жұмысы жеңілдетілген. Сондай-ақ ПМПИ-дің виртуалдық кітапханасы әртүрлі тақырыптар бойынша электрондық зертханаларды пайдалануға мүмкіндік береді. Медиаорталықта және алты арнайы оқу залында заманауи ғылыми-әдістемелік, оқу және көркем әдебиеттер орналасқан.

ПМПИ-де оқысаңыз қызыққа толы студенттік өмірдің куәсі боласыз. Мұнда олимпиадалар, дебаттық қозғалыстар, әртүрлі кештер, КТК, театр студиясы, шығармашылық кездесулер, фестивальдар, студент жастардың еңбек отрядтары, спорттық сайыстар және т.б . шаралар ұйымдастырылады.

ПМПИ - Қазақстан Республикасындағы үздік спорттық-дене шынықтыру спорт кешені: заманға сай жабдықталған жүзу бассейні, спорт залдары және жаздық спорт алаңқайлары.

ПМПИ – әлеуметтік – білім беру инфрақұрылымы. Мұнда пәтерлік және секциялық үлгідегі Студенттер үйі бар.

ПМПИ- спорттағы айтарлықтай жетістіктер. Олар: 324 спорт шебері, 29 халықаралық спорт шебері, 400-ден астам Қазақстан Республикасының жеңімпазы, 6 әлем және Еуропа, 2 Олимпиада ойындарының жүлдегері, 10 Азия жеңімпазы, 2 еңбегі сіңген спорт шебері.

ПМПИ – 47 жыл тарихында 21 мың дипломды маман даярлаған жоғары оқу орны. Олардың ішінде қоғам қайраткерлері, барлық деңгейдегі білім беру мекемелерінің басшылары, педагогикалық еңбек ардагерлері, белгілі спортшылар және ел ғалымдары бар.

 
© 2009 ПМПИ. Барлық қүқықтар сақталды.
Joomla! — GNU/GPL лицензиясы бойынша еркін таратылатын бағдарламалық құрал.