Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының құрылуы мен ҚазССР-да «ҚазССР-дағы тілдер туралы» Заңы (1989 ж) қабылданғанының 20 жылдығына орай 2009 жылғы 21 қыркүйектен 23 қазанға дейін ПМПИ-де «Мемлекеттік тіл айлығы» жарияланды. Печать E-mail
26.09.2009 05:46

Осы айлықтың алғашқы іс-шарасы ретінде жыл сайын дәстүрлі өткізілетін «Іс жүргізу ісінің таңдаулы маманын» анықтау байқауы үстіміздегі жылдың 21 қыркүйегі күні ПМПИ-дің құрылымдық бөлімшелері мамандарының арасында жүрілді.

Байқау қорытындысы бойынша 1-орын алған 12 жылдық мектепке арналған педагогикалық кадрларды даярлау, қайта даярлау және біліктілікті арттыру факультетінің маманы Г.Н.Котрашованы, 2-орын иеленген сапа менеджмені бөлімінің маманы Т.Ғинаятты, сондай-ақ кадрлар бөлімінің маманы А.Б.Қасымованы және 3-орынды бөліскен ПМПИ колледжінің хатшысы Д.Қ. Имантаева мен ғылыми кітапхана маманы Ш.Б.Сәрсенованы және физика-математика факультетінің хатшысы З.А.Қажымұратованы құттықтаймыз.

Жеңімпаздардың ары қарайғы қызметінен мол табыс тілейміз!

 
© 2009 ПМПИ. Барлық қүқықтар сақталды.
Joomla! — GNU/GPL лицензиясы бойынша еркін таратылатын бағдарламалық құрал.