Осы айлық аясында қазақтың біртуар лирик ақыны Мағжан Жұмабаевтың шығармашылығына арналған «Мағжан Жұмабаевтың асыл сөзі» тақырыбында институт студенттерінің шығармашылық жұмыстарының конкурсы жүрілді. Конкурсқа студенттер белсене қатысты. Орын иеленген студенттерге арнайы сый-сияпат көрсетілді.
Сонымен қатар қыркүйектің 24 күні республикалық «Бір ел – бір кітап» акциясы шеңберінде өткен. М. Жұмабаевқа арналған «Ақын – шығыс әулиесі» атты ой-толғау кеші сәтті жүргізілді. Кеште акция барысында жүрілген әртүрлі іс-шаралар өз межесіне жетіп, белсенді қатысқан студенттер марапатталды. Шара барысында ақынның өзінің «Мен жастарға сенемін!» деп айтып кеткеніндей оның ізбасарларының, ісін жалғастырушы ақын жастармыздың өсіп келе жатқаны кешке жиналған қауымды қуантты.
Айлық аясында әрбір кафедра, ғылыми орталық, департамент, басқарма және бөлім өз қалауларынша мемлекеттік тілге арналған іс-шара ұйымдастырып, нәтижесін іс қағаздарын мемлекеттік тілде жүргізу бөліміне хабарлады. Бұл тұрғыдан алғанда, айлық жоғары оқу орнының әр құрылымдық бөлімшесіне өз әсерін тигізіп, нәтижесін бергендігінде.
Айлықтың соңына қарай, айлық қорытындысы ретінде қазанның 19 күні мемлекеттік тіл кафедрасы студенттерінің «Тіл – біздің тірегіміз, соғып тұрған жүрегіміз» тақырыбында жазған шығармаларының таңдаулыларын анықтады.
20 күні институттың кейбір кафедраларының ұйытқы болуымен инстиут студенттері мен колледж оқушылары арасында «Тұғырлы үш тіл» атты әдеби-музыкалы кеш жүрілді. Шараға белсене қатысқан оқытушылар мен студенттер «Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте» деген қағидаға тоқталды.
Қазанның 21 күні жоғары оқу орнының ғылыми кітапханасы мен колледжі бірлесе отырып өткір тілді, от ауызды ақын Махамбет Өтемісұлының туғанына 205 жыл толуына арналған «Махамбет портреті» атты поэзия сағатын өткізді.
Айлық аясында жоспарланға тағы бір игі шара ғылыми жұмысты ұйымдастыру бөлімі мен «Тіл білімі» ғылыми-зерттеу орталығы және филология факультетінің өткізген «Қазақ тілінің даму болашағы» тақырыбындағы пікірсайысқа тіл жанашырлары мен оқытушылар және студенттер белсене қатысты. Пікірсайысқа қатысқан Үкімет «Сарасөз» және оппозиция «Тілкесер» топтары сөзжарысқа түсіп, қорытындысында шешендігімен, нақты дәлелдерімен «Сарасөз» тобы басым дауыспен жеңіске жетті.
Осы іс-шаралардың қорытындысын шығару ретінде үстіміздегі жылдың 26 қазаны күні мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізу бөлімі, ұйымдастыру-бұқаралық жұмыс бөлімі және музыкалық білім беру теориясы мен әдістемесі кафедрасы «Мерейің үстем болсын, туған тіл!» атты салтанатты кеш өткізді. Кешке облыстық тілдерді дамыту басқармасы, білім басқармасы және қазақ тілі қоғамының өкілдері, сондай-ақ тіл жанашырлары қатысты. Мемлекеттік әнұранмен басталған кеш сондай әсерлі болды. Кеште айлықты қорытындылап, ең алғаш қазақ тілі «мемлекеттік тіл» мәртебесін алған сол мерейлі күннен бастап тұңғыш рет студенттерге қазақша дәріс оқыған оқытушыларды, сондай-ақ айлық барысында мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізуші мамандардың арасында өткізілген «Іс қағаздарын жүргізу ісінің таңдаулы маманы» байқауының жүлдегерлерін марапаттады. Сондай-ақ салтанатты шарада ақын-студенттер тілге деген жүрек жарды өлеңдерін оқыды. Салтанатты жиында сөз алған тіл жанашырлары, филологтар, оқытушылар мен студенттер бүгінгі таңдағы мемлекеттік тілді қолдану аясын кеңейтуде кездесіп отырған олқылықтарға тоқталып, одан шығар жол, бағыт-бағдарларды анықтады. Осы айлықтың бас-қасында болған, мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеруде белсенді жұмыстар атқарып, атсалысып жүрген ағамыз, мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізу бөлімінің бастығы У. Мақұлына алғыстарын білдірді. Сондықтан да мемлекеттік тіліміздің қолданыс аясын кеңейтуде басқа жоғары оқу орындарына үлгі көрсету мақсатын алға қойды. «Көп түкірсе – көл» деген жақсы сөз осыдан қалса керек. «Осындай игі бастамалар көтеріліп тұрса, әр қазақ қазақша сөйлеуді өзінен бастаса алмайтын асу, бұзбайтын қамал жоқтығына біз сенеміз» дейді шараға қатысқан тіл жанашырлары.
|